МЕН СЕНІ ІЗДЕМЕЙМІН

МЕН СЕНІ  ІЗДЕМЕЙМІН
жеке
блог

Мен сені іздемеймін

 

Мен сені іздемеймін, сен мені ізде,

Өзің орал баяғы келген ізге.

Қол бұлғармын көктемнің жағасынан,

Бір айналып соғармын қоңыр күзде.

Махаббатты жасырған Мен бе, Сен бе?

Сезім сүйсең шарпиды, көнбесең де.

Көңіліңді аулайын қара өлеңмен,

Одан басқа не қалды енді еншімде

 

СОЛ КҮЗ

 

Неліктен туады күзде өлең?

Мен Сізді сол күзден іздеп ем.

Сарғайған жапырақ астында,

Сағыныш қалды ма мұзбенен?!?

 

Күз бітер, қыс келер соңында,

Сол күзді қимаймын тағы да.

Жүректің құлпысын ашатын,

Бар бақыт өзіңнің қолыңда.

 

Кездескім келеді Сізбенен,

Сағыныш әні ғой күз деген.

Жүректе қалса ғой сақталып,

Өзіңе арналған күзгі әуен...