Ата-анамызды аялайық, достар

Мына әлемнің сәулесін жарық көрсеткен,

Жылы жүзбенен ажарға мейірім, нұр сепкен,

"Балапаным" деп өсіп кетсек те әлдилеп,

Қателікті де байыппен түзеп жөндеген.

 

Біз үшін күн-түн аянбай білек сыбанып,

Бауырмалдыққа үйретті біраз жұбатып.

Жұмыс жасады, шыдады талай суыққа,

Демеу боп әркез "отбасы" деген шаңыраққа.

 

Құлыншақтарына аябай берді тәлімін,

Арнады бізге алтындай қымбат әр күнін.

Зор үміт күтті әлпештеген баладан,

Сұрады тек амандық-саулығын Алладан.

 

Осындай міне баурады бізді махаббат,

Арнадым мен де осындай міне жыр шумақ.

"Балам" деп соққан жүрегінің әр лүпілі,

Болады әрі ойында біраз күдігі.

 

"Бола ма балам елінің қамқор асылы?

Баға ма балам ертең болсам қарт кісі?

Ақтар ма балам сенімімді мына іштегі?"

Осы ойлармен ол кісілер де күрсінді.

 

Байқарсың бәлкім оны әңгіме арасында,

Алыс сапарда ата-ананы еске аласың ба?

Сұрағына "Мен қартайсам бағасың ба?"

Бердің бе мардым жауап расында да?

 

Есіңде ме перзенттік парыздарың?

Ата-ана алдындағы қарыздарың?

Оқығанда жай ғана ойланбағын,

Іске асыр әр істі ойға алғанды.

 

Қиын кезде табалып қысылғанда,

Кеткенің де қуарып салың суға,

Қолдау таппай сенделіп сандалғанда,

Көмек қолын беретін бір үй ғана

Өсіп-өніп су ішкен құдығыңа,

Есейгенде түкірме сондықтан да.

 

Ата-ана жақсылығын ұмытпағын,

Сені асырап тамаққа тойдырғанын.

Сені жақсы жерлерде оқысын деп

Әр тиынын үнемдеп жұмсағанын.

 

Ата-ананың махаббатын ұмытпағын,

Сені ыстық сезімге шомылтқанын.

Сен ауырып бас көтермей жатқаныңда,

Көзін ілмей қасыңда отырғанын.

 

Ата-ананы бір сәтке ұмытпағын,

Бақыттысың, осыны есте ұстағың.

Ата-анаңды қадірле бар кезінде

Шара болмас өлгенде қайғырғаның.

 

Өміріңе налып мүлде айтпа өкпе,

Ата-ана жоқ кейбір көпшілікте

Ал сенде бола тұра асқақ жандар

Орынсыз ғой ренжігенің, жасты төкпе.

 

Бар кезінде ата-анаңды қадірлегін,

Қуанышқа бөле уақыттың әр кезеңін.

Ата-анаңның ақ батасын алда-дағы,

Мына әлемде емін-еркін кезе бергің.



Бөлісу: