Мен - сыйлаймын, ал бірақ, ЖЕК КӨРЕМІН

Балалықтан бастайтын,

Көңілдерді ластайтын,

Көр соқыр қып тастайтын

Махаббатты жек көрем!

 

Сүйгендерді қинайтын,

«Үшіншісі» сыйматын,

Қос ғашықтар қимайтын

Махаббатты жек көрем!

 

Қайғыға ғұмыры толатын,

Теріс бақ кеп қонатын,

Жасқа себеп болатын-

Махаббатты жек көрем!

 

Лезімде тоқтайтын

Сәтті орайды тоспайтын,

Шын ғашықты қоспайтын-

Махаббатты жек көрем!

 

Қаралы күндер өткізген,

«Жүректерді» тепкізген,

Барыңды тәрк еткізген-

Махаббатты жек көрем!



Бөлісу: