Компютердің құлағында ойнайтын төрт жасар Ерсұлтан
блог
Бұл заман Елбасымыз халыққа жолдауында айтқандай біліктілер мен білімділер заманы. Техтика мен техналогияның дамыған заманы. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың: Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Адамды құстай ұшырды
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді, – деген өлең жолдарының растығына шүбә жоқ, тіпті! Мұның дәлелі бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өзі техника атаулыны шемішкедей шағатынында емес пе? Күні кешегіде қала сыртындағы әпкемнің үйіне қонаққа барып, таңғаларлық оқиғаның куәсі болдым. Кішкене үстелде отырған төрт жасар Ерсұлтан Apple компаниясының өнімі IPad планшетімен PhotoScape программасын орындап отыр. Мұны көріп таң қалғанымды жасыра алмадым.
-Ерсұлтанның техникаға деген зеректігі екі жасынан байқалды . Планшет, компьютерлерге жанының жақындығы соншалықты ешқандай ойын, программалардан жатырқамайды. Оның зеректігіне көршілер де таң қалады. Тіпті олар ұялы телефоннан түсінбегендері болса Ерсұлтанға жүгінеді . Бірақ, осы жасқа келсем де Ерсұлтанның білетіндерін өзім түсінбеймін, – дейді анасы Сәрсенбекова Жұмагүл. Сонымен қатар ол fl studio, mave maker секілді күрделі программаларды орындап, angry birds, zumma, taxi секлді ойындарды ойнай алады. Заман ақыры баласы деген осы болар. Ерсұлтанның келешекте білікті техник немесе ең алғаш есептеуіш машинаны ойлап тапқан информатика атасы Чарльз Бебич сияқты ғалам болмасына кім кепіл? Ерсұлтан біз білмейтін дарынды жүз баланың бірі шығар! Құдай тіл көзден сақтасын!