Массагет ұжымының кітапханасы

Массагет ұжымының кітапханасы
жеке
блог

Соңғы кезде көп адам кітап оқымайды деп жұрт дабыл қағуда. Айгерім де басқа-басқа, филология факультетінің студенттеріне дейін кітап оқымайды деп блог жазған болатын. Жалпы тайлы-тұяғымызбен интернетке көшіп кетсек те, балалық шақта кітап кеміріп өскен ұрпақтың қатарынан болғасын да кітапқа бір табан жақын тұрады екенсің. 

Кітап демекші, Massaget.kz кеңсесінде кітапхана бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бүгін сол кітаптарды ақтарып отырсам, расымен әжептәуір кітапханамыз пайда болып қалыпты. Сол кітаптардың жартысының жартысымен таныстырайын. 

Хакім Абайдың хикмет кітабы қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарияланыпты. 
Мына жауһарлар әлемдік классикадан көзіме оттай басылды.
Сатириктеріміздің кітаптары анадайдан күлім қағып, күлкі сыйлап тұрғандай Smile
Орыс тіліне аударылған латыш әңгімелер жинағы да бар. 
Танымдық материалдар, керек кеңестер топтастырылған кітаптар "Бастаңғыны" алып жүрген Сәнияға үлкен көмек болмақ )) 
Мына журналдарды бір ақтарсаң, шабытың оянары сөзсіз.  
Көлемі үлкен, ауыр кітаптардың арқалаған жүгі де жеңіл емес-ау.
Жастар порталының кітапханасы жастар әдебиетінен жұрдай болса, бізге сын... ) 
   
   

Сіз де өз кітапханаңызды таныстыра отырыңыз Laughing