Жол апатын азайтайық!

«Болашақ» республикалық қозғалысы 2000 ға жуық бауырларымыздың тағдырына кім жауапты!? - деген ащы сұрақпен "Жол апатын азайтайық" атты акцияны бастады. Алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Кеше  оңтүстік бағыттағы автобустарды сапарға күндіз шығуға үгіттеу мақсатында "Алтын Орда" маңындағы автобекетке барды.

Тек осы бағытта күніне Алматыдан жүзге тарта автобус жолға шығады екен. Соңғы бір аптада Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын автобустардың қатысуымен үш жол апаты орын алған. Салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұған алдыңғы аптадағы Жамбыл облысындағы автобустың қатысуымен болған ірі жол апатын қосыңыз. Жарты жылдың ішінде 2000-ға жуық қазақстандық жол апатынан көз жұмды. Апаттың басым көпшілігі түнде болады екен.

«БҰДАН МАҢЫЗДЫ ҚАНДАЙ ҰЛТТЫҚ МӘСЕЛЕ БОЛУЫ МҮМКІН!!!??? Бұны тоқтату үшін не істеу керек? Біз осымен тоқтамаймыз. Бүгін 2000 үнпарақ тараттық, базар басшылығының қарсылығына қарамастан бүгін-ертең тағы шығамыз. Халық автобустардан сапарға тек күндіз шығуын талап ету керек. Ертең премьер-министрге күрмеулі мәселені шешуін талап етіп хат жолдаймыз. Әрине тек автобустардың уақыт өзгертуімен мәселе түбегейлі шешілмес, бірақ апаттың азаяры анық»,-дейді «Болашақтықтар».

Сіз не дейсіз?

 



Бөлісу: