Кеш үйлену

Кеш үйлену-сән бе, мәжбүрлік пе?

Мың түрлі адам болса мың адам мың түрлі ой ойлайды. Адам талғамы әртүлі болғандықтан сұрағымыздың жауабыда сан түрлі болары анық. Алматыда жасы келсе де, үйленуге асықпайтын жастар көп. Қазір еліміздегі жасы жиырма бестен жоғары бойдақтардың саны екі миллионнан асып кеткен. Қазақстандағы қыздардың тұрмысқа шығатын орташа жасы – шамамен 24 болса, жігіттердің жасы – 26-27 жас шамасында. Енді сол түтін түтетпей жүрген жастарға: «Неге үйленбейсіз?» деген сауал қойып көріңіз: «Қыз жоқ, жігіт жоқ» – деген жауап аласыз. Кейде тіпті мәселенің бәрін жұмыс пен үйдің жоқтығына, қаражатқа әкеліп тірейді. Дегенмен де көз қорқақ, қол батыр емес пе!?  үрейленетін ештеңе жоқ, көңіл қаласа бәрін істеуге болады. Тек бір қызығы елімізде көп балалы болуды құптаса, көрші қытай елінде бір баладан артық бала дүниеге әкелуге тыйым салынады екен. Ал егер екінші баланы дүниеге әкелген жағдайда бүкіл мүлкін тәркілеп, жұмысынан босатып, айыппұл төлеткізеді екен. Елімізде болса бұл жағдай керісінше. «Әр елдің салты басқа» демекші, өзге елдің жастарына өз наным-сенімдері кедергі болса, біздің жастарға тұрмыс тосқауыл болуда. Он үшінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қазақ едік. Қазір отызға келсек те отау тігуге асықпайтын болдық. Ең өкініштісі, бұл қалыпты жайтқа айналып барады. «Бас екеу болмай мал екеу болмайды» деген бар. Ендеше осы сөзден тәлім алып, Аллаға тәуекел еткеніміз дұрыс шығар. Әйтеуір байлық деп жүріп, шын бақыттың бағытынан адасып қалмасақ болғаны.



Бөлісу: