Менің жазбаларым

   Кәрі Қайың /қариялар жайында/

Жаз кетті артынша суық күз де келді

Сеземіз бұл суық күз бізге келді

Қара орманның қартайған аққайыңы

Ғасырды артқа тастап жүзге келді

 

Жалғыздық аққайыңның санасында

Сағыныш бар көзінің қарасында

Жалғыз өзі сорайып, сарғайып тұр

Жаңа шыққан жас бұтақ арасында

 

Кәрі қайың ақылды болғанымен 

Ақылы кемеріне толғанымен

Құрдастарын, замандасын сағынады

Аңсайды сырласуды орманменен

 

Қайран жастық желкілдеп, жалын кешкен

Қайран бақыт жұлдыз боп жанып-өшкен

Қайраты жоқ, қуаты жоқ бұрынғыдай

Құлауға шақ самалдан сипап ескен

 

Қайран жастық кеудеге жалын құшқан

Қайран сезім сарғайтып, сағыныскан

Ақ қайыңның ең соңғы жапырағын

Қара жел орман жаққа алып ұшқан

 

     Сол күндер ай

Кетің тастап қарамастан бұрылып,

Қалды жүрек жартысынан жұлынып

Қалды сезім қуыс болып кеудемде

Енді қайта жаланбастай суынып

 

Қалды бақтар аралаған екеуміз

Сол бақтарды бекер кезген бе екенбіз

Қалды қайың отыратын астында 

Ол қайыңға енді екеуміз бөтенбіз

 

Жоқ махаббат біз екеуміз жырлаған

Енді қайта сыр айтпассың сен маған

Мөлдіреген көздеріңді сағындым

Жүзіңді де ай саулесі ұрлаған

 

Күлкің де жоқ бұлақтай боп ағылған

Жұлдыздарды моншақ етіп тағынған

Мен бір бейбақ қолдағыны жоғалтқан

Мен бір сорлы  қол жетпесті сағынған

 

Қызғаныш пен бақыт қайда таласқан

Сезімдерге куә еді ғой қара аспан

Еркелетіп бірімізді біріміз

Сол күндер ай жүрегіміз жарасқан

 

Сол кездер ай көріспесек тұрмайтын

Басқаларға еш бір көңіл бұрмайтын

Бәрін ойлап жанарымнан жас тамды

Көздерімнің түрі жоқ бір құрғайтын

 

Тілім-тілім жартысы жоқ жүрегім

Сонда да ол сені ойлайды білемін

Тілім-тілім жүрегіммен өзіңе

Зор махаббат, таза сезім тіледім

 

Амалым жоқ бағынудан тағдырға

Қайта оралып үмітке бой алдырма

Жалынамын жаралама жүректі

Өтінемін басқа естелік қалдырма

 

Вертуалды махаббат

Сәлем жаным, қалың қалай

Қайда асығып барасың

Сәлем кешір уақытым жоқ

Мені агенттен табасың

 

Сәлем ботам, агентте де

Жоқсын бүгін таппадым

Сәлем енді агентте емес

"В контакте" жақтамын

 

қайырлы таң,  бүгін сені 

Көргім кеп тұр қайткенмен

Шаруам көп, түсін мені 

Тілдесейік "скайппенен"

 

Сенің сұлу жанарыңды

Көргім кеп тұр сезерсің

Түсінемін, уақытым жоқ

"Инстаграмнан" көрерсің

 

Жаным менің қайдасың сен

Сені ойлаудан аздым ғой

Қайда жүрсің дей бермеші

"Твитерге" жаңа жаздым ғой

 

Қош бол жаным, шаршадым мен

Бақытты бол теңіңмен

Вертуалды махаббатты 

Құра алмаспын сенімен

 




Бөлісу: