Өзім жайлы

Өзім жайлы
жеке
блог

Сәлем, массагеттіктер!!! Бұл сайтқа тіркелгеніме аз уақыт болса да, осы кезге шейін сайттағы қызықты мағлұматтар мен пайдалы ақпараттар, сіздердің тақырыптық еркін блогтарыңызды қызыға оқитынмын.Енді, міне өзім де алғашқы блогымды жариялағалы отырмын. 

Сайтқа тіркелген әрбір жан әдеттегі "дәстүр" бойынша, алғашқы блогын өзінен бастайды.Мен де өзімді қысқаша таныстырып өтсем))

Толық аты-жөнім - Айзада Жайыққызы. Биыл, яғни осы айда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің І курс студенті атандым.Өзім қалаған мамандықта, армандаған оқу орнымда оқып жатқасын шығар, қуаныштымын!!!Өмірдегі басты ұстанымым: "АДАМ боп келдім өмірге, АДАМ боп өту парызым!". Қуанышты немесе құлазыған сәттерімде Сүлеймен патша секілді жүзігімдегі сөзіме қарамасам да, есіме түсетіні "Мұның да бір қайыры бар". Осы бір ауыз сөйлем мені қай істе де сабырлы болуға шақырады.

Кішкене кезімнен кітап, газет-журналдарды көп оқуымның әсері ме,оқыған жазушыларыма еліктеп, өлең, шығарма, мақала жаза бастадым. Кейін оларды 3-сыныптан бері "серігіме" айналған республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымдары "Ақжелкен" мен "Ұланға" жіберіп, нәтижесінде "Ақжелкеннің" "Жас тілшісі" атандым.Бұны айтып, мақтанғалы отырғаным жоқ.Кейінгі "журналист болсам" деген ізбасарларыма бұл басылымдардың пайдасы зор екенін айтқым келді.

Өзімді "қысқаша" таныстырсам - осы."Қысқаша таныстырғаны осы ма?" деп қанағаттанбай отырған шығарсыздар.Алғашқы жазбам болғандықтан, "анау-мынау" көзге көрініп тұрған қателіктерімді кешіріңіздер!Алдағы уақытта жазбаларымды жиі жазып, сіздермен бөлісемін деген ойдамын.Әзірше сау болыңыздар!!!