Тәрбие - тал бесіктен

Тәуелсіздік алғаннан бері ел Президентінің халыққа жыл сайынғы жолдауында мемлекетіміз дамудың барлық жағынан үлгі көрсетіп, әлем назарына ілінді деген. Біз бүгінгі танда үлкен тарихи кезең-ХХI ғасырға аяқ басып отырмыз. Мұның маңызы ерекше. Алдағы уақытта өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, келешек ұрпағымыздын өсіп, өркендеуіне көңіл бөліп, бойына ұлттық тәрбие беру-ортақ міндетіміз.

Адам тумысынан жаман болып тумайды,оның жаман немесе жақсы болып қалыптасуы отбасындағы, қоғамдағы тәрбиеге байланысты. Бүгінгі танда отбасы тәрбиесіне көп мән беріліп, оны дұрыс жолға қою талабы туындап отыр. Негізгі нысана рухани үйлесімділік, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, сүйіспеншілікке, қоғамдық пайдалы еңбекке, имандылыққа, елін сүюге, қамқор болуға, «Отаным-тірегім, отбасым-мақтанышым» деген ұғымды жадында сақтауға баулу. Келешек ұрпақ тәрбиесі-алып күш, оған бейқам қарауға ешкімнің қақысы жоқ.

сурет: жеке мұрағаттан



Бөлісу: