Тілдер күніне

"Сөз тапқанға қолқа жоқ", деген қазақ."Аталы сөзге арсыз  тоқтамас", деген де бар. "Ебін тапсаң енеңді..."-деп еді бір шал."Сөздің майын тамызады екен", десуші еді, шешенге сүйсінген кісілер."Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ"деп өткен, жырауларымыз, шындықты ханның бетіне айтып.Үкімді естіген жазаланушы "Дат", дейді екен, үкім айтушы"Датың болса айт", жауап қатады заң бойынша. Датын тыңдап болған соң, көзін жеткізе алса, үкім де өзгеріп сала беретін көрінеді. "Ұлы сөзде ұяттық жоқ" деп , ары қарай жалғастырайын.

 

Сөз құдіретін түсінетін қазақ қалды ма? Сөз құдіреті тұрмақ, қазақша түсінетін қазақ қалды ма екен? Эх! Күрсінгенде аузымнан жалын шығады. Сөзімді тыңдайтын құлақ жоқ.  Құлақтарына құлаққап(наушник) киіп алған.Қаламмен ақ жазайын, Көзі ашық біреу көріп оқып, санасына саңылау жүгірер!

Қазір ешкім сөзге тоқтамайды да. "Қыртты мылжың жеңер, мылжыңды езген жеңер, езгенді құдайдан безген жеңер"лердің күні туған. Сөзіміз ұсақталып, ,қарабайырланып" бара жатыр. Бүйте берсек, жабайылар тілі болып, қолдау көрмесе, өлі тіл болып бірақ шығамыз. Кейбір қазақ бола тұрып, қазақша сөйлемейтін қазақтарды көріп, күйіп кетемін. Жарайды, заман солай болды делік, ал қазір ше, білуге тырыспайды да.



Бөлісу: