Смайл Массагет қызметкерлерін қалай таңғалдырды?

Смайл Массагет қызметкерлерін қалай таңғалдырды?
жеке
блог

Бүгін – смайлдың туған күні! Cool

Бір жылда бір келетін туған күнінде смайл сағат 8-ден бастап, Массагет қызметкерлерінің жұмыс орнына жайғасып алып, олардың келуін асыға күтті. 

Біреуі тышқанның астына қоятын кілемшеге;
Екіншісі жұмыс үстелінде тұрған естелік затқа;
Үшіншісі орындыққа;
Ал төртіншісі тығылып барып, көліктің рөліне отырып алды Laughing

Енді осы смайлдарды көрген адамның эмоциясы қалай болғанын көрейік.Wink

Мейіржан компьютеріне отыра бергенде, өзіне күлімдеп қарап, "Әдебиет" кітабын оқып отырған смайлды көріп, таңырқап қалды.Innocent
Ардақ телефонмен сөйлесіп келе жатыр еді, өзіне бас бармағын көрсетіп тұрған смайлды көріп, "Мынау кімдікі? Мынау не деп тұр?" деп сұрады да, күліп жіберді.Laughing
Анара орындығында тұрған мына бір сүйкімді смайлды көргені сол еді, бүгін смайлдың туған күні екені есіне түсіп, смайлды туған күнімен құттықтап, сүйіп алды. Kiss
Ал Сания рөліне отыра бергенде, көлігіне тығылып кіріп алып, өзіне жымиып қарап тұрған смайлды көріп: "Ой! Мынаны қара!" деп таңғалысын жасыра алмай, "Тіпті мына жерге жарасып-ақ тұрсың!" деп смайлдың өзіне комплимент айтты. Cool

Осылайша сүйікті де сүйкімді смайл Массагет ойын-сауық порталының қызметкерлерін тосыннан таңғалдырып, бір күнге жетерліктей көтеріңкі көңіл-күй cыйлады. 

Смайлдың туған күні құтты болсын!!! Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! )))