Миллиардты бағындырған Арай Айдарқан

Миллиардты бағындырған Арай Айдарқан
жеке
блог

«Жұңгоның арман әуені» ән жарысында Арай алдыңғы төрттіктің қатарына ене алмады.

4 ай бойы өткізілген «Жұңгоның арман әуені» ән жарысы кеше ең соңғы мәресіне жетті, «арман әуенінің» алдыңғы алты мықтысына ілінген ــ яң жима, ай фей, жейміс, ли шияңшияң, арай, хоу лей қатарлылар өнер көрсетіп, ең соңында ли шияңшияң «жұңгоның арман әуені» ән жарысының биылғы ең биік тұғырына көтерілді. Өкінішке орай, Арай Айдарқанұлы алдыңғы төрттіктің қатарына ене алмады.Халық торабының қазақша арнасынан берілген хабарда, шілде айының орта шенінде, қазақ азаматы Арай Айдарқанұлы шаңхай дұңфаң телевизиясы «жұңгоның арман әуені жарысы» сахнасында мемлекет бойынша алдыңғы он екінің бірі болғандығы. Кейіннен он екіден онды, оннан сегізді іріктеулердің бәрінен сүрінбей өтіп, 4 тамыз кеште, «жұңгоның арман әуені жарысының» мемлекет бойынша алдыңғы алты мықтыны саралау жарысында, сәтті түрде алдыңғы алты мықтыға кіргендігі. Сондай-ақ келесі аптасында өткізілген алты мықтыдан төртті саралау жарысында да оз таланытымен мүлтіксіз талданғандығы хабарланған болатын. Арай Айдарқанұлы Алтай қаласында туып өскен, қазір орталық музыка институтының үшінші жылдық оқушысы, мамандығы музыка оқу-ағартуы, қосымша ән жазумен шұғылданады.


Биыл жаздағы «жұңгоның арман әуені жарысы» сахнасында, Арай тамылжыған дауысымен және сахаралықтарға тән шын ықыласымен көрермендерді сүйіндірді. 4 тамыз кеште, Арай «Көңілімде жер-әлем» деген әнімен мемлекет бойынша алдыңғы алты мықтының қатарына кірді. Бұл кезекті жарыстың негізгі тақырыбы «ең сүйікті адамына» арнап бір ән орындау еді, өзінің ең сүйікті адамы ــ қайтыс болған әжесіне арнап ән шырқады. Арай: «Әр жолғы жарыс керемет сайысқа толы, бұл жолғы жарыс өмірімдегі ең үлкен үйрену мен шынығу болды»-деген. 2009 жылдан бастап, Арай өз талантын таныта бастаған, ол ілгерінді-кейінді болып, орталық телевизияның «нұрлы жол бағдарламасы», мемлекеттік жас әншілер жарысы, хунан телевизиясының «көңілді жігіт дауысы» қатарлы жарыстарда өз өнерін көрсете бастаған еді, әрі тамаша нәтижеге де қол жеткізген. Жұлдызы жарқырап жанып келе жатқан Арай бауырымыздың жақыннан бергі жан таласқан жарыстардағы нәтижелерін көріп, расында қатты қуандым әрі осы ыстық ықыласты лебізімдібілдіруді ойладым. Ол миллиардтықтардың қызыл туы астында жасап келе жатқан басым көп санды көрерменді, сансыздаған ән әуескерлерін өз талантымен өнерімен, әнімен және жасампаздығымен мойындатты. Тұтас миллиард халқына қазақ ұлтын және бір қырынан таныстырды. Қазақ үнін, қазақтың нағыз табиғи қоңыр әуенін әлемге жеткізгендей болды.

                                                                                                                                    Қуаныш Бақыт, Пекин

Ал төмендегі видео арқылы тамашалаңыздар!

Ал төмендегі видио арқылы тамашалаңыздар.

https://vk.com/audio?performer=1

http://v.youku.com/v_show/id_XNTY3MjE0ODA4.html

http://v.youku.com/v_show/id_XNTgwMTc5OTIw.html