Жаңа технология

Болашақ жасар 11.09.13

«Ақылды сағат»

Берлиндегі IFA көрмесінде Корейлік Samsung компаниясы өзінің алғашқы «ақылды сағаттарын» ұсынды», - деп хабарлайды Ridus.ru. Аталмыш сағаттар смартфон не планшеттер арқылы жұмыс жасайды. Оның мүмкіндігі зор деп бағаланып отыр. Адамның дауысы арқылы бірнеше бұйрықтарды орындап, тіпті суретке де түсіреді. Осы арқылы қазірдің өзінде бұл сағаттарға он шақты сұраныс түсіп үлгерді.

Galaxy Gear – бұл кішірейтілген үш жыл бұрынғы Wi-Fi –сыз жасалған құрылғы. Оның ішінде 1,9 мегапиксельдік бейнекамера мен екі үйлесімді дауыс динамикасы бар. Ал микрофон сағат белбеуінің ұшына орналасқан. Адам ақылды сағатты қолына таққанда микрофон сыртқа емес, ішке қарап көрінбей, әдемі болып тұрады. Осы тұста айта кететіні сағаттың белбеуін өзіңіздің белбеуіңізге ауыстырып таға алмайсыз. Неге десеңіз, компания қызметкерлері өндірушілер тарапынан ғана ұсынылатын түстерді ауыстырып бере алады. Самсунг компаниясының айтуы бойынша, құрылғы осы қызметтерімен тоқтап қалмай, әлі де жаңа қызметтерді өз тұтынушыларына ұсынбақ.

«Итті басқаратын құрылғы»

Енді басқару тетікшесі арқылы итті де басқаруға болады. Ия, Ия! Таң қалмаңыз. Қарапайым теледидарды басқаратын тетікше сияқты «пультпен» итіңізді оп-оңай басқарасыз. Қалай дейсіз бе? Қашықтық аралық радиобайланыс құралымен не болмаса, GPS байланысымен бұйрық беру арқылы. Итіңізге киім есебінде сол құрылғыны кигізіп қоясыз. Содан соң, жайлы орныңызда жатып оған бұйрықтарыңызды айтасыз. Аталмыш жаңа технология сыналып та үлгерді. Сынақ көрсеткіші көрсетіп отырғандай иттер берілген бұйрықтардың  98 % орындаған. Осындай тетіктің авторлары Джефф Миллер мен Дэвид Бевли есімді ғалымдар.Ойлап табылған құрылғы болашақта құтқару қызметтерінде қолданылмақ. Өйткені, жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың ішінде иттер адам дауысын алыс арақашықтықта жөнді естімейді. Ал, басқару «пульті» арқылы мұндай кедергіден оңай құтылуға болады.

                                                                                                                                Hi-news.ru

Алғашқы «Ислами смартфон»

Жақын арада әлем нарығына Peace Tv Mobile Phone атымен аталатын алғашқы «Ислами смартфон» шықпақ. Мұндағы басты ерекшелік, заманауи технология мен құранның байланысы.

Мұндай смартфонның идея авторы мен жүзеге асырушысы Ислам ұйымының президенті, үнді ғалымы Закир Наик. Оның айтуы бойынша, Ислами смартфон ғылымға ислами тсініктерді қалыптастыра отырып, технология әлеміндегі ең үздік жаңалыққа айналады.

Смартфонда 80 сағаттық ислам мәдениетіне арналған бейне роликтер мен сюжеттер, сонымен қатар, 200 әуен орнатылған. Оған қоса, ғалым Наиктің өз қолымен жазған кітаптарының электронды нұсқасы да салынған.

Гаджет 4,6 диюмдік сенсорлық планшет пен екі СИМ картадан және 32 ГБ, 4ГБ-тық екі ядролы процессор мен 5 мегапиксельді фотокамерадан құралған.

Қызығушылық танытқандарға айтатын сыр – бұл смартфонның құны 240 доллар.

                                                                                                       Islamnews.ru

                                                                                                                             Дайындаған: Гүлжан Серік



Бөлісу: