«Құм құрсауындағы әйел». Рецензия

   Роман – әр қилы оқиғалардың, құбылыстардың тоғысқан жері. Бір әрекеттен соң екінші әрекеттің басталып, оларды үшінші бір құбылыстың жалғастыруы заңды дүние. Махаббат, өшпенділік, қарсыласу, көреалмаушылық, ізгілік – барлығы дерлік романда өз көрінісін табады. Осыған орай талдайын деп отырған романымыз - «Құм құрсауындағы әйел».

Иә, жапон жазушылары үнемі өздерінің абстракциялық бағыттағы стилімен ерекшеленетінін көп кітап оқырмандары біледі. Бұл романдағы абстракциялық оқиғаның басы Сахараның өлкесіндей құм далада басталады. Өркениетті қауымның белгілерінен тыс ортада бір айдаладағы үйде әйелдің өмір кешуі де бір қызық. Оның өз үйін күнде құмнан тазалауы, сол өлкедегі адамдармен қарым-қатынасы,түгел дерлік, әйелдің мінезін, өмірге деген көзқарасын өзгертіп жібергендей. Тіпті, өзге қоғамнан келген адамды қабылдау әрекеті де  жат. Мәселен: үрейлену, сөйлеспеу, сәлем бермеу. Әрине, оған уақыт керек те шығар, себебі әйелдің ұзақ бойы  осыншалық отбасысыз өмір кешуі оңай емес. Бір мезетте күйеуі мен баласынан айырылу кімге де болса ауыр соққы болып тиетіні сөзсіз. Бірақ, бұл әйелдің бойынан оқырман романды оқу барысында ерекше қасиеттерді байқайды. Мақсатына жетудегі ерлігі, еңбекқорлық, әсіресе әйел басын ескере отырсақ, әркімның бойынан кездесе бермейтін қасиеттер. Әсіресе, ер жұмысын атқарардағы табандылығы барлық мақтауларға тұрарлық.

   Адам баласы әу бастан жұп болып жаратылғаны мәлім. «Махаббатсыз - дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» дегендей, кез келген қиындықты бірігіп жеңу идеалистік символ. Міне, тура осы көрініс әрбір оқиғаның кульминациясына жатқызылады. Оқиғалар желісі осындай қиын сәттерді кейіпкерлер образын толығымен аша түседі. Біздің жағдайдағы  әйелдің қамқорлығы, кішіпейілдігі келген мейманды уақыт өте келе жылы лебізмен қабылдауы, құшақ шая қарсы алуы осыған мысал. Яғни, махаббат сезімі өз орнын уақыт өте келе «Құм құрсауындағы әйел» романында айқын көрсетті, нақты әңгіме желісінже көрсетті. Сол адаммен әйел тіпті, бір жолы өзгелерден жасырып жүретін өзінің көңіліндегі құпия ойларымен байыппен және шынайы түрде сырларымен бөлісуге тырысқан. Келген мейманға әйелдің  мүлтіксіз сенімі, тәнімен және жанымен берілуі, тамсаңдырады.

   Әрбір оқырманның  әйел кейіпкерлерінің бойынан бір ерекше батылдықты іздейтіні бар. Автор ондай батылдықты дуализмге, яғни екіұштылыққа жасырады. Мұның мәнісі, оқырман іздеген батылдықты өзі сезіп, екі-үш әрекеттердің желісінен анықтап, түйіндеуінде. Өмірлік тәжірибе дейді кейбіреулер, мүмкін солай да шығар, бірақ бұл жағдайда оның қажеті де жоқ. Экстремалдық жағдайда тек қана батылдық құтқарар адам баласын. Жасы отыздың о жақ, бұ жағында, жесір, өзінің аяғының сыртында, тобығының түбінде бір түрлі қызық, анық бедерленген ойықтары бар бұл әйел – нағыз жеңімпаз тұлғасы.  Оңын төзімділігі, өмірге сүйіспеншілігі  – бір ғанибет. Жазушының айтайын деген ойы да осы ғой.



Бөлісу: