Мың екінші түн!

                                             Мың екінші түн!    

    Мың екінші түн...  Осы бір әдемі кітап атын бұрын-соңды естіп па едіңіз?! Авторы-Зайда Елғондинова. Ақын,жазушы, «ертекші» Жұматай Жақыпбаевтың жары.    

    Бұл кітапты әлі оқи қоймаған болсаңыз тездетіп оқуға кеңес беремін. Себебі,бірінші бетін ашқаннан-ақ оқырманын ерекше күйге бөлеп, сөзбен «сурет» салып,қызықтырады. Кітаптың әрбір жолын оқып отырып өзің де сол оқиғаның кейіпкері секілді бірде мұңайып,бірде қуанышқа бөленесің. Тіпті, қалай еніп кеткеніңді де аңғармай қаласың. Өйткені, ондағы оқиғалар тек шындықтан тұрады. Бұл да автордың шеберлігі шығар,сірә!

    Бұған дейін «Менің ертегім» атты кітап жазаған «ертекші Зайда» бұл жолы да жасындай жарқ жары Жұматай ақын туралы жыр сүйер қауым біле бермес кейбір оқиғаларды әңгімелейді. Автор тек өзінің көрген қиыншылығын күйттеуден аулақ! Жұматайдың өзімен бірге ала кеткен жұмбақтарын шешуді көздейді... Зайдадай өз махаббатын мәңгі әлпештеген жандар аз екендігін ойлап қамығасың. Қысқаша мазмұны осы...

   Оқып,өз пікіріңізді айтыңыз,оқырман! Ұнайтыны сөзсіз!



Бөлісу: