жеке
блог

Дүкенбай Досжанмен жүздескен сәтім...

- Дүкенбай аға ассаламу алайкум! Қалайсыз, аман-есенсіз бе?

- Уағалейкумсалам, жақсымын балам.

- Бұл Берік деген ініңіз ғой, Қазақстан арнасынан. Аға, сізбен сұхбаттасайын деген едім. Студияға шақырып емес, үйіңізге барып. Білесіз ғой, тікелей эфирде уақыт аз болады. Біраз сөздерді айта алмай қалуыңыз мүмкін. Сондықтан еркін отырып сөйлессек.

- Қашан?

Уақытын белгіледі. Келер күні үйіне қарай жол тарттық. Бармас бұрын ол кісі туралы біраз әңгімелерді естіп, сұхбаттарын оқып алдым. Шығармаларын жатып жазатын жазушының үйіне де келдім.  Жылы жүзбен қарсы алып, екінші қабатқа қарай жол бастады.  Жұмыс бөлмесіне барып сұхбатты бастадық. Дайындап барған сұрақтарып көмпітүрімде әлі сақтаулы тұр. Міне:

Дүкенбай аға,  сіз  туындыларыңызды  жерде етпеттеп жатып алып

жазатын жазушысысыз. Жатып жазу мен отырып жазудың қандай айырмасы бар? Әлде ерекше шабыт жатқанда келе ме сізге?

Аға, аңға шықпайсыз, шахмат ойнамайсыз, балық ауламайсыз, картадан мүлде аулақсыз. Сонда қалай демаласыз?

Армандарыңыз толық орындалды ма?

Кез келген адамның еліктейтін тұлғасы болады. Сіз кімге еліктедіңіз?

Әзілге қаншалықты жақынсыз?

Туындыңызға енгізген оқиғалардың, өміріңізде жүзеге асқан сәттері болды ма?

Алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме? Қай жаста ғашық болдыңыз!? –  деген сұрақтарды қойып мардымды жауап алдым. Ағалық махаббаты оянып, мені біраз мақтады. Келіп тұр деді. Саған бір жерді айтайын, бастығына айтып қоям  барып түсірсең жақсы материал шығады деп. Белгілі мұражай туралы сюжет жасауыма жол ашты. Қоштасар сәтте екі кітабын беріп естелік сөз жазып берді. Үйін бір алатып көрсетті. Астананы мақтады.  Ас үйге кіргізіп ет асатты.  Дүкенбай Досжанмен ең алғышқы һәм ең соңғы кездескенім осылай болды.... жатқан жерлі жайлы болсын!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі