Коста Брава жағажайында

Коста Брава жағажайында
жеке
блог

Сәлем, достар!

Шыны керек, жаз бойы Қазақстан қалалары бойынша гастрольдік сапарлар болып, "Массагет"-ке кіруге мүлдем уақыт болмай кетті.((( Айыпқа бұйырмаңыздар!!! Дегенмен сіздермен қауышудың сәті бүгін түсіп тұр. Өте қуаныштымын! 

Бүгін мен сіздермен Испанияның Барселона қаласы маңындағы Ллорет де Мар қалашығының Коста Брава жағажайына барған сапарымнан түскен фотосуреттерімен бөліскім келіп отыр. Әрине, әр фотодағы назар аударарлық көріністер жайында бар білуімше айтып отырамын. Ендеше, кеттік...


Ең алдымен біз Барселона қаласына келіп қондық. Әрі қарай барар жеріміз Ллорет де Мар бұл қаладан алыс емес екен. Бар-жоғы 1-2 сағаттық жер.

Ллорет Де Мар Барселонаға жақын орналасқанымен айырмашылығы көп екен. Бірден байқайтының, Барселона қаласындағы туристтер көбінесе орта және үлкен жастағылар болса, Ллорет де Марда өңшең жастар. Себебі, мұнда құмайт жағажайлардан бөлек Европаға белгілі түнгі клубтар, аквапарктар, ойын-сауық орталықтары, т.б. өте көп. 

Түнгі клубтарды онша ұната бермейтін мен ))), және алдымда Алматыда күтіп отырған жұмыс күндерін ойлап, уақытымның көбісін жағажайда өткіздім. Керемет!!! Сөзбен жеткізу тым қиын! Жерорта теңізінің суы сондай жұмсақ, әрі таза, су астындағы құмы мамық тәрізді...!!!

Суының мөлдірлігі сонша, астынан алуан түрлі балықтар көрініп тұрады. Ғажайып көрініс! Әрине, мұндай фото жоқ менде, себебі фотоаппаратым су астында түсіруге арналмаған))))

Бірақ жағажайдың бір кемшілігі - ине шаншар жер жоқ, күнге күюге орын табу қиынға соғады.

Енді қаланың көрнекті жерлеріне келсек, мұнда да ғажайып ескі ғимараттар жетерлік. Мысалы...


Бұл фотосуреттің сол жақ шетінде сіздер ескі қамалды көре аласыздар. Көкке оранған Көне Сан-Хуан қамалы ХІ ғасырда теңіз қарақшыларынан қорғану үшін салынған екен.


Ал мына фотосуреттерде ертегідегі үйге ұқсас ғимарат, түрлі архитектуралық стильдердің қосындысы (готикалық, ренессанс, модерн, исламдық, византиялық), түрлі-түсті мозаикамен өрнектелген Сан-Рома шіркеуі бейнеленген.

Кәдесыйлар іздеп жүрген кезім...)))

Ллорет де Мар көшелері тым тар.

Пальмалар аллеясы бойында дәмді ас әзірлейтін ресторандар көп. Әрине, ас мәзірінің жартысы - теңіз өнімдері.


Келесі бірнеше фотосуреттерді "Түнгі қала көріністері" деп атадым.

Демалысымның соңғы күні Еуропаға аты жайылған аквапарктардың бірі "Water world"-қа баруға бел будым. Кіре берісте осындай көріністі көрген мен бірнеше рет артқа бұрылып, кетіп қалғым келіп тұрды. Бірақ "Қалай болар екен?" деген құмарлық сезімі батылдықпен аквапаркке кіруге мәжбүрледі.)))


Түсініп отырған боларсыздар, фотоаппаратты көп аттракциондарға өзіңмен бірге алып кіруге тиым салынды. Сондықтан бары осы.))) Дегенмен, осы аквапаркте көп адреналин сезінгенім сөзсіз.

Сапар соңында естелікке көше суретшілеріне мынадай сурет салдырдым.

Осындай әсерге толы демалыстан кейін жұмысқа кірісу де оңай екен. Достар, сәті түссе, Ллорет Де Мар қаласы, Коста Брава жағажайына демалуға барыңыздар! Қапы қалмайсыздар!