Дарақылық сіздерге тән қылық емес, Қазақ жігіттері!

Сәлем, Массагетім! Екі күн ҚазҰУ-да жарық болмай, талай қызықтан құр қалыппын ғой)) Қызықты блогтар легі алдымнан шықты жарқылдап. Мұндайға, әрине, қуанасың. Бірақ, осы екі күнде мен өз жерімде көрмеген ДАРАҚЫЛЫҚТЫҢ куәсі болдым. (Мүмкін, ауылдан қалаға көп шықпаған соң да болар). Шаруамыз шығып, құрбым екеуміз қоғамдық көлікке мінген едік. мінген бойда, мен "тықылдап" мінген автобусымыз сол жерге анық бара ма деп сұрап алғам, және барар жерімізге келгенде ескертіп қоясыз ба деп те өтініш білдіргем. Себебі, қаланы әзірге білмейміз. Межелі жерден өтіп кетуіміз де мүмкін нәрсе болатын. Айтқаным сол ғана, кондуктор мен көлік жүргізушісі сыбырласып, күліп жатыр. Сөздерінен-ақ байқалды, мені сөз етіп жатырғандары. Ашуыма тиді, расымен. Содан, бұрылып та қарамастан: 

- Несіне күледі, рас қой "перваш" екеніміз дедім де, құрбыма қарай ығыстым. Алдыңғы жақта тұрған едік, әлгі екі қаһарманымыз тағы да пыш-пыш етіп жатыр. Осы жолы:

- еее, мен мына қызға сындым, әңгіме жоқ екен деп қояды. Бұған да ашуым келді. Бірақ, тіл қатпадым. Пайымдарының шамалы екенін ұғып тұрған соң, оларға сөз шығындаудың бос әурешілік екенін ұқтым. Өз-өзімді әзер дегенде ұстап, сабыр тілеп, тезірек жетсек деп тұрдым. Әйтеуір не керек, жеттім-ау...! Бұл - бірінші дарақылық!!!

Ал, енді - Екінші дарақылық. Біздің универден  - 2-3 аялдамадай жерде келе жатырған ем. Күні-бойы биік өкше киемін деп, аяғым тааалып қалды. Әрі қарай шыдай алмасымды білген мен, автобусқа мінетін боп шештім. бірақ, қай автобус баратынын білмедім. Жан-жағымда адам да онша көп емес. Көзім түскен адамдар - милиция қызметкерлері. Бір білсе, осылар білер дегем. жақын барып, сыпайылааап тұрып сұрағам. Ал олар болса, (жастары, шамамен,23-25 аралығында) менен не сұрағанын білесіз бе? Қай универдесің, нешінші жатақхана, қай жылғы және қай жерденсің? осылар!!! тәртіп сақтаушысы жандардың "қызға қырындауы"! Бұл - екінші дарақылық!!!

Айтқанымдай, бізде (жатақханада) туған күндер көөөөп)) аты шулы қып жасамасақ та, кішігірім отырыс жасаймыз. Содан Гауһардың туған күнін жасап жатырмыз. Абай, Мұқағалидың өлеңдерін оқып бастадық та, соңынан Шәмшінің өлеңдеріне ұласып кетті. Кінә бізден, шулаңқыратып жіберген. Бір уақытта Күзетшілер кіріп келді. Не шу ? - деп. Біз ақталып жатырмыз, кешірерсіз, анау-мынау деп)) Қоооорқып тұрмыз. Ал, күзетші болса, айқайлап жатыр. Ішімдік бар ма деп қояды. Біз "жоооқ!" дейміз хормен.

- Қыздар, су беріңдерші

- Акаля (бір құрбым екіншісіне айтып жатыр) , бізде бар ғой, берсеңші деді.

- қайнаған су ма?

- ... Жоооқ. анау шкафтағыны шығарыңдар. Мен мұндай ішпеймін.

Барлығымыз аң-таңбыз. Не айтып кетті деп жатырмыз. Аңқаулықтан болар, үндемееей тұрмыз. Шығып кетті бір кезде. Терең тыныс алдық. Сөйтсек, арақты айтып тұр екен ғой. Жақсы, ол - оның міндеті. тәртіп сақтау. Бірақ, міндеттерінің ішіне қыздар туралы ақпарат алу, қыздарға көз қырын салу деген пункт жоқ шығар?! міне, бұл - үшінші дарақылық!!!

Мен-ақ автобустан түспейтін адамдай көріндім-ау)) Тағы да қоғамдық көлікте... Сол баяғы құрбыммен әңгіме соғып тұрмыз. Сабақтағы қызықтарды айтыыып. Артымызда екі жігіт (жолдас адамдар екені көрініп-ақ тұр) тұр екен. Тағы да қысып бара жатырған күлкі. Мен немесе құрбым сайқымазаққа ұқсаймыз ғой деймін. сіздің де менің суретімді көріп, күлкіңіз келді ме?Ендеше, олардың дарақы қылық танытуы - заңдылық деп қабылдайын. Содан не керек, екеуміз сөйлесек болды, бір-біріне қарайды да, күледі. Шетте тұрған жігіт баласына қабағымды бір түйіп, ұнатпаған кейіп танытқаным сол-ақ екен, ұялды ма, ары қарай ығысып кетті. Екінші пысығымыз әәәлі тұр. Ара-арасында досына қарап, жымияды. Оған еш шара жоқтай көрінді. Есіме түскені, "Қыз Жібектегі" сөз: "Қайран, қазағым! қара жерден бұйыртқаның осы ма?" деген. Нақты сөзін ұмытып тұрмын, осы шамалас сөз болатын. Осыны айтқан ем, келесі жігіт те сабасына түскендей болды. Бұлар - келесі дарақылықтар. тізбелей берсең, басын да, соңын да таба алмайсың. Қысқаша, қазақ жігіттеріне өкпелі тұсым осы. Күлдіремін деп, өздеріңіздің күлкіге айналуыңыз мүмкін екенін ұмытпағайсыз! Қыздың күлгені жаман деп жатамыз. Бірақ, ер-жігіттің салмақсыз болғаны одан да жаман. Тауық сойса да, қасапшы сойсын. Сол себепті, ер адам - әркез ер адам боп қалуы тиіс! Дарақылық - сіздерге тән қылық емес, Аға-інілерім!!!



Бөлісу: