Қонақжай болған бір ұлт, бүлініп барады.

  Қонақжай халық көшін бастаған қазағым қонақ келсе, қолына бірдеңе ұстатпай үйден шығармайды. Қуыс үйден құр шықпа дегенді естігендей қонақтарда сыбаға алмай орындарын омақалап, отырып алады. Жалғыз атын жайратудан, болмаса сыйлық ретінде сыйға арнай салудан еш танбайды. Үлкен үйден бөлек шығып тәуелсіз баспаналы болғаннан бастап, қонаққа сый беруден жалықпадық. Өз ұрпағымыз өскенде бір қайырымы болар деуден барымызды қонақтарға тартудамыз. Масайраған мүминдерге мұнайды бердік, күлімдеген күлкісіне көмірді сыйладық. Арманын айтып құлақтан тепкендерге алтынды бердік. Көкке көтерілем дегендердің қолтығынан демедік, барлығы тегіс берілген соң енді жақында келген қысыққкөз ағайындарға бір тілім жер телімін де бергелі отырмыз. Беретін сыйлық таусылған ау шамасы. Ата – бабам қызғыштай қорғаған кең дала, бос жатып көзіміздегі сүйелге де айналыпты ғой. Енді өзіміз жаңа отауда жиырма екі жыл өмір сүріппіз. Жаңа ұрпақ дүниеге келіп, дербес бір шаңыраққа айналу жолындамыз. Ал енді сол қонақ қылып кәде сыйлаған ағаларымыз қайда жүр өзі. Біз барсақ қалай қарсы алуда? Қонаққа барған қандастарымызға қорғасынның түйірін беруде, қуанған ұрпақ сол кеткеннен көктен бір-ақ шықты. Темір тордан қамал салып берді. Өзіміз еркелеткен ұрпақты, ұғынудан қалып. Балаларымызды асырап алды. Зинамен айналысты, дене мүшелерін талан -таражға салды. Біздікілер қайтсын енді? Қонаққа сын айтуды ұят көріп көршіге күлкі болудан қорқады ғой. Ал өз ішімізде енді, атжалмандар мекен етуде. Өз үйінен өзі ұрлап өзгенің ошағына тасуға асығатын. Қашқандары қашып кетті, әлі де біразы қашудың аз алдында жүр. Жайсаң дегендерің жетімін жылатып дәлелдеуге анықтама сұрап жүр, ол аз болғандай баттайтып, хабарландыру бетіне де іліп қояды. Жесірін жылатпаған жетімін құлатпаған бұрынғы қазақ, қазір қандай ұлт? Жымпоздық пен жалтақтық билеген мына қоғам қоғалы көлге айналып кетті ау шамасы. Батыры батпақта мекен еткен балықтай болса, дүмшесі бақадай бетінде қалбалақтап, құртып сасытып жүрген. Былықтан енді шығып бас көтергенде, тұманды мезгілге кез болып жүрмейік. Адасып, шатасып бір бірімізді танымай құлағанын таптап, алдан шыққандарды қорқақтық басып өз қандастарымызды сұлата салып жүрмейік.



Бөлісу: