"Алматы - іңкәрім менің!" ретро-фестивалі волонтердің көзімен

"Алматы - іңкәрім менің!" ретро-фестивалі волонтердің көзімен
жеке
блог

Йоу, йоу! Қалайсыңдар? Менің әспеттеп сөйлеуге тілім келмейді, ықық.

Бәріңізге белгілі, 7-ші қыркүйекте 14-ші «Алматы – іңкәрім менің»  ретро-фестивалі болып өтті. Бара алмағандарға, барғандарға қалай өткенін тағы айтып өтейін деп блог жазып отырмын. Бірақ фестивалге қатысқан волонтер ретінде. Ең алдымен, білмейтіндер үшін (волонтер деген не деп сұрағандар өөөтеее көөөөпп болды да): волонтер (volunteer) – ерікті деген мағына береді, яғни ол жерде тегін, ерікті түрде жұмыс істейсің. Бірақ волонтерлардың өзі іріктеуден өтеді. Мысалы осы фестте 200-ден астам өтініш берген еріктілердің 105-і ғана өткен (бізге солай деді). «Неге бізге айтпадың?» деп ренжігендер көп болды, мен өтінішті тамыз айының ортасында бердім. Енді фест туралы айтайын.

  Өткен аптаның ортасында қызу дайындық жұмыстары өтті. Бізді 7-сі күні күндізгі 11-де Орталық стадионның алдына шақырды.

Алдында да жиналыстар болған. Сол жерде таныстық, ойын ойнадық, барлығының жиналуын 13-00-ге дейін күттік. А, айтпақшы, куәлігімді ұмытып, жатақханаға бір барып келдім арасында) Бір жарымда аккредитация келді (біздің таққан бейдж)

Сосын екіде автобус келеді деді. Бірақ тағы бірнәрселер болды да, екі жарымда автобусқа міндік. Волонтерларды екіге бөлді: навигаторлар, бишілер. Бишілер сахнаның алдында тұрып би биледі, жалауларды көтерді, сол жердегі анау-мынауларды істеді. Навигаторлар көрермендерді орындарына жайғастырды, жайғастырғанда неғо, билетіндегі орнына жол сілтеді. Мен навигатор болдым. Себебі, өтінішті навигаторларға жауапты қызға жібергенмін)

Сонымен, трамплинге келдік, бізге футболка таратты, сосын ойын ойнадық, суретке түстік с:

Шаш өрді с:

Ана жерде көөөөп күттік, ішіміз пысып кетті. Сосын көрермендер келе бастады.

Одан кейін бізді орындарымызға бөлді, әр есіктің алдына 4-еуден, сосын тағы бір "старший" болды. Одан кейін орындарымызға бардық, сахна жақтағы есіктен кірдік. Ойыбоооййй,  строго куәлікпен, андай шиқылдайтын төртбұрышты есіктен өттік, үсті басымызды бір тексеріп шықты шиқылдақпен, сумкамызды қарады мааайй (Лидерге қатысқанда да тура солай кіргізген)

Одан орнымызға тұрдық. Сосын адамдар келе бастады. Билеттеріндегі орындары қайда екенін айтып тұрдық. Біздіңкі бірінші есік болғандықтан, виайпилер біз жақтан кірді. Сөз жоқ! Керемет! дей салайын. Қасымдағы қыз айтады: мен түсімде бүгін "здраствуйте, вам помочь?" деп сөйлеп шығам точно, - деп. Хех, 5000 адам 5 есіктен кірсе, шамамен, 1000рет айтқан шығармыз.

сонымен, бәрі келді, жайғасты, концерт басталды. Бізді аноооу тұрған вип арена мен сахнаның арасындағы алаңда тұрған бишілердің жанына жіберді. Тағы да тексеріп кіргізді. Сахнадағыларды анық көрдік.

Концертті Дариға Назарбаева ашқанын, Ахметжан Есімов сөз сөйлегенін, сосын ямахада ойнағанын, Қыдырәлі Болманов, Ұлытау, Әлихан, Джигитстердің Сүгірдің термесі мен Куиннің әнін қосып орындағанын, Назарбаевтің немересі Бритнидң әнін айтқаны, Мақпал Жүнісова, одан кейін Ә.Каримов, Н.Керменбаев, А.Нұрмағанбетова, Саша Белая, Н.Албан, А.Иманбаевалардың поппурилері, Жанар Дугалова, Ерке Есмахан, Сандраның триосы, тағы басқаларын айтпай-ақ қояйын, жаңалықтарда көрсеткен шығар? суретке түсіргем, бәрі ашпай қалды үйге келгенде. Наталидің "О, боже, какой мужчинасына" бәрінің шыңғырғанын айтам да!

Рингоның, Марсель мен Дильназдың орындаулары керемет болды. Есімде қалғаны солар, хыхы. Боксшыларды сахнаға шақырып, гүл берді, сосын, Б.Артаев бастап, гүлдерін бізге қарай лақтырды, маған жетпей қалды #лохимнида  хехе.

Содан әйтіп-бүйтіп, билеп, шаршап, алдындағы бәлембай сағат тұрып тұрғанымыз бар, өзімізді зорға ұстап тұрғанда он екі болды сағат.

Дәәәәәу шар, майда шар, ұшырдық, күшті болды))

Сосын керемет отшашу болды.

Сосын бізді автобуспен стадионның алдына әкеліп тастады да, біз үйді-үйімізге таксимен қайтып кеттік. Дауайте!

Уфф, зорға жаздым ғой, мына макбукті түсінсем бұйырмасын! Қиналып кеттім.