Назарларыңызда - "Жаңа маусым"

Сәлем, достар!

Төрт мезгілдің ерекше сұлу мезгілдерінің бірі алтын күз де келіп жетті. Бұл мезгіл келісімен жаңа оқу жылы, жаңа кезең басталады. Телевизия саласында да күз келісімен жаңа маусым басталады. 

Жаңа маусымға "СТВ" арнасының ұжымы үлкен дайындықпен келді. Демалыстан соң, эфирге "Апталық шолу", "Панорама недели", "Қоғам және әйел" бағдарламалары қайта шығады. Ал "Өмір тынысы" мен "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламалары жаңа бағытта көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, "СТВ" арнасы үлкен жаңа жобаға дайындық үстінде. Ол туралы кейінірек) Ал әзірге арнамыздан алыстамаңыздар, достар!

Бізбен бірге болыңыздар!



Бөлісу: