Кеш ұйықтаймын

Адам денсаулығы қалыпты жағдайда болуы үшін 8 сағат ұйықтауы тиіс. Норматив бойынша осылай, әрине. Ал менде ол сәл өзгешелеу. Сағат таңғы 5-те, жолым болған күні 3-4-те ұйқы келеді есігімді қағып :)) Сабақ болатын күні 7-де тұруым керек. Көзімді тырналап ашып, әзер дегенде ұйқымнан оянамын, жып-жылы төсегімді қимай. Содан күні бойы жүгіріс... (староста болған жақсы дегенге топ басшысы болғанымда қатты қуанғам), сөйтсем қатардағы жауынгер болған әлдеқайда жақсы екен ғой :)) Шаруа көөөп, эдвайзеріміз мінезді әрі талапшыл. Өз сөзінен цитата келтіріп кетейін: "- Айналайындарым, сендерден өтінемін және талап етемін..." Мінекей, осылайша апайдың өтінішін орындамауға болмайды, талапқа сай болуымыз тиіс. Осылайша, айтқандарын екі етпей жүрміз. Сонша шаршағанда неге ұйқы жоқ менде? Соны түсіне алмаймын. Ненің есебінен қуатталып жүр екем? Ғашық та емеспін. Түні бойы бір адамның елесін келтіріп, таңның қалай атқанын білмей қалатын. Сонда диагноз қалай? Зияны келері анық қой. Интернеттен деп ойлайын десем, оған келмейді. Себебі. Интернеті жоқ ауылымда да дәл осылай болатын жағдайым. Тек өзгеше тұсы - көз ілгенше Музыка тыңдайтынмын. Менің әзірге айтар сылтауым - шығармашылыққа жақын адам болған соң ба деймін. Әрине, Ардақ Құлтай ағаларым ренжімесе...

Журналистиканы меңгермей жатып, не қылған шығармашылық мына балмұздақта деп :)) Не де болса, өзге түгілі өзіме түсініксіз Алматыдағы түндер сырғып барады. Мүмкін. Мен ТҮНГЕ ғашық шығармын?!



Бөлісу: