Жасыңыз маңызды емес....

Бастапқыда ОЛ "сен, саған" болатын... Іштей "Сіз" деп атағым келсе де, қартайтпайын деген оймен үндемейтінмін. Әрі ол кісі өзі айтпаған соң, ұнатпайтын болар дейтінмін. Содан шығармашылық емтихан уақытысында "Ұлан" газеті мен "Ақ Желкен" журналы жас тілшілер форумын өткізіп, бЕЙСЕН аға Құранбекпен кездесу өткізген ек. Ол кісіні жұбайы "СІЗ" деп атайды екен. Расымен, сыйластықтың ерекше формасы ғой, иә? Содан не керек, ОЛ екеуміз келісім жасастық. мен оған Сіз дейтін боламын деген. Сол үшін де Бейсен ағаға үлкееееен рахмет! міне, содан бері мен қалауымша "Сіз" деп келемін. Көп құрбыларым телефонмен сөйлесіп жатырғанымда ағам деп ойлап қалады. немесе, өзің қатарлы адамға олай атаудың қажеті қанша деп жатады. Ал менің жеке пікірім, әр қазақ қызы, жалпы әйел адам ер адамды құрметтеуі тиіс. Сіз дегеннің өзі қандай ғанибет! Сондықтан, Жасыңыз маңызды емес, мен Сізбен біргемін қай кезде де, Мәкесі! 



Бөлісу: