Сәлем, Массагетке тіркелмеген менің жалғыз оқырманым!

Сәлем, Массагетке тіркелмеген менің жалғыз оқырманым!
жеке
блог

         Сәлем! Көңіл күйім болмаса да, саған осы хатты әдейі арнап жазып жатырмын. Өзің де жағдайдың қаншалықты қандай деңгейде екенін білесің. Өзің «сіздің жазғаныңыз ұнайды» деген соң, «әрбір жаңа блогыңызды күтемін» дегендіктен, осы хатымды да жазып отырмын. Менен ұялмай-ақ қой, Массагетке тіркеле бер! Өзіңді таныстыр, сырлас, ойыңмен бөліс! Өкініштісі, мен өз ойларыммен кең ауқымды түрде бөлісе алмаймын. Массагеттің «адамдары» жазған ережелерін бұзып аламын. Рахмет! Менің соңғы үш «теманы» бір тақырыпта жазған блогымды оқыпсың. Басқа кімнің оқығанын білмеймін. Бәлкім, өзің секілді тіркелмеген қолданушылар оқыған шығар. Әйтпесе, «белсенділер» оқыса, пікірлерін қалдырар еді. Мені «біреу» белсенді қолданушы депті. Белсенді қолданушы болсам, блогым жұтылып кетпес еді. Жоға, ешкімді кінәламаймын! Тек сол түні жазған едім... Мен жазғанға дейінгі блогтар мен сол түннен кейінгі жазылған азанғы блогтардың арасында «жұтылып» кетті. Атыраулық бауырым қате жазғанына ренжімедім. Бірақ оның блогы сол күйінше тұра берді. Ал менікі «жаңаның» ішінде жата берді. Одан соң бір «видео» қосылды блог болып, одан соң тағы да блогтар қосылды да, менің «бишара» блогым келесі бетке өте берді. Мен өзім әуелі «танымалдағы» блогтарды оқимын, содан соң «жаңадағыларды» оқитын едім. Бірақ «жаңаның» ішінде келесі бетіне көшіп отырмаушы едім. Басқалары да солай келесі бетіне кіріп, оқып отырады деп ОЙЛАМАЙМЫН. Иә, ойламаймын! Егер олай болмаса, онда ойлағаным дұрыс емес болғаны. Менің ойда қателескендігім үшін мені соттап, абақтыға жаппайтын шығар... Ал егер басқалары үшін де ойлама десең... Онда мен үшін де «басқалары» ойламаса екен деймін. Өзің менің блогтарымды сүйіп оқып жүрсең, сөздеріме «ғашық» боп жүрсең, онда «қорек» қылғаның да! Әрине, өзгелердің блогтарына (-) қойғаным да, пікірлерде «не в тему» әрекет жасауым дұрыс емес. Мен оны жақсы біліп отырмын. Бірақ, бір қызығы, өзімнің де блогтарыма «тақырыптан тыс» пікірлер алып жүрмін. Бірақ оған бола ренжімедім, түсінбедім дегенім де жоқ. Бірақ жұрттардың «белсенділігі» соншалық, менің «қума» пікірлеріме де «бірқызық пікірлер» жазылып жатыр. Тіпті, ертең «блог» жазылып жатса, таң қалма! Менің «бишара» блогым жұтылған күнгі блогтар бүгін де әлі тұр «танымалдылықтан садағасы кетпей»... Жә!

         Енді тек сен үшін блог жазатын боламын. Рас, мен кейбір терминдерді түсінбеймін, ілесе алмаймын бұл көшке. «Белсенділер» ант қабылдап, «бірдеңелерді» жазып жатты, мен ол кезде де түсінбедім, оларға ілесе алмадым. Түсінбегесін, жоламадым. Одан кейін «тағы бірдеңелер» «мода» боп жатты. Мен ол кезде тіпті Массагетке кірмей жүрдім, интернетім болмай. Енді, міне, Астанада кездесу ұйымдастырылды. Әрине, жақсы жаңалық, «тіпті керемет»! Бірақ мен «сю-сю-мю-сю» деп қуана алмаймын да. Жасандылық болып кетеді, «маска» кигендей боламын. Мен үшін қарапайым боп қана қала береді. Білмеймін... Бәлкім, мені мұнда жақтырмайтын да шығар. Сенімді түрде айта алмаймын. Әйтеуір, орталарында жүрмін. Оған да шүкір! Рас, басқа «белсенділер» сияқты «бірдеңелерді» аудармаймын, оқымаймын, пікір қалдырмаймын. Анда-санда оқып та қаламын. Массагет жұтып жіберді десем, Массагетті кінәлағаным болады ғой. Мен Массагетті кінәлай алмаймын. Оның «бастықтары» да блогтарды қадағалаумен айналысқанымен, менің «бишара» блогыма қастандық жасады дегенге сенбеймін. Олардың ондайға уақыттары да жоқ. Иә!.. Өйткені бір рет бір «сектант» тіркеліп, екі блог жазды да, ғайып боп кетті. Бір блогында Ислам дінін жамандаған, екіншісінде Пайғамбарымызды жамандаған. Мен сонда ашуланғам «қайда қарап отыр?» деп. Сөйтсем, уақыттары болмаған екен ғой. Шүкір, сол күні өшірді ғой.

         Менің «бишара» блогым өшірілген жоқ, «кейбіреулер» айтпақшы. Осы күнге дейін жазылған блогтарым сияқты сақталды. Одан басқа сақтаудың қандай түрі бопты! Сен өзің оқыдың ғой оны. «Жаңаның» ішінде тұрды ғой әжептеуір боп... Қызық! «Белсенділердің» тек «танымалдағыларды» оқуға ғана уақыты бар. Жәрар! Сенің есіміңді де білмеймін. Агентіңде «Вирус» деп жазып қойғансың. Себебін сұрағанымда, мектепте бір қыз солай атап кетті дедің. Иә, осы блогымды Массагет өшіруі мүмкін емес. Ал бірақ оның «белсенділері» мен «бастықтары» ұнатпаса, өшіріп тастауы мүмкін. Тіпті, осы аккаунтымды да жоғалтып алуым мүмкін. Бірақ мен Массагет үшін жазып жүрмін ғой блогтарымды. Оның «бастықтары» мен «белсенділерінің» Массагет екеуміздің арамыздағы қарым-қатынасқа қандай шаруалары бар екенін білмеймін... Мен бар болғаны «жұрттың» оқығанын қаладым да...

         Жарайды, келесіде жаңалықтарыммен бөлісермін сенімен. Осы блогымнан соң мені тағы да талқылауы мүмкін. Бірақ олар маған жамандық тілемейді. Бәлкім, заңды пайдаланып, жазаға тартар. Жамандық тілесе, «маска» кигендей болып қалатын шығар. Біліп жүр, мені сенен және Массагеттен алыстататын... Түсінген шығарсың!? Осы блогым да жұтылып кетсе екен! Жұтылмаса, «біреулер» оқуы мүмкін... Ал мен жаздым ғой «біреудің хатын басқалары оқымасын!» деп. Айтқанға көнбесе, қайтем енді?.. Бұл блогым өшіріліп, тек тақырыбы ғана қалса, онда... Біл, Массагеттен және сенен мені айыратын, алыстататын... Күлкім кеп тұр! Бәлкім, сендей оқырманым бар екеніне «бұлар» сенбейтін шығар... «Wi-Fi 25-тегі» кім айтпақшы: «Әй, ...!»