Ренжіші...

Ренжіші...
жеке
блог

Отырсың өзімсініп, қасымнан «кет» дегендей,

Төзе алмай мінезіңе әлі де ұрсып келем,

Өзімнің қырсықтығым өзіме жетпегендей,

Басымды қосты тағдыр дәл сендей  қырсықпенен.

 

Жөн болар «сезім» атты теңізде жүзе білсем,

...Еркімді саған байлап, отына ерітті арман.

Негізі өзіңді Ай санайтын қыз едің сен,

Түрдегі сұлулыққа арбалып,сеніп қалған.

 

Намысты жігіт едім өлшейтін атақты армен,

Іздейтін мен емеспін сезімнен шатақты әр күн.

Сұлу қыз аспандағы, соншалық тәкаппар ма ең?

Бірақ мен сенен өткен қырсықпын,тәкаппармын!

Келе ме жігіттерден сөз алмай, жалындырғың?

Байқасам,бұл арудың боп кеткен айла-сәні...

Келбеттің емес,бикеш,жүректің хәлін білгін,

Өйткені шын сұлулық сол жерге жайғасады.

 

Сөзімді осылайша жеткіздім өктем етіп,

Кей ісің, көз-қарасың мені де алаңдатты.

...Егер де алсам сені дәл қазір өкпелетіп,

Өтінем өкпелеші,ренжіші одан қатты!

 

 

авторы: Жандарбек ЖҰМАН

 http://vk.com/zh.zhuman