Алматыда Қайрат Нұртастың концерті бұзақылыққа ұласты

Алматы қаласында «Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығында көрермендер шу шығарып, оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлады Twitter-де шоумен Данияр Батырбаев.

«Прайм Плазаның» шатырында тұрмын. Халық орталықты қиратып жатыр. Апаратураның барлығын сындырды. Милицияның (полиция ред.) шамасы келмеуде», деп жазды өз микроблогында ол.

Бұдан әрі ол жастардың Рысқұлов көшесіне қарай жөңкіле қашқанын, зардап шегушілердің бар екенін және оқиға орнына құқық қорғаушылардың көптеп келіп жатқанын жазады. Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары жаппай тәртіпсіздік оқиғасы әнші Қайрат Нұртас концертінің ортасынан үзілуінен басталды деп жазуда.

Ал, куәгерлердің тағы бірі керісінше, тәртіпсіздіктер басталып кеткендіктен Қайрат Нұртас концертін тоқтатуға мәжбүр болды деп жазуда әлеуметтік желіде. Бұл туралы әзірше құқық қорғау органдарының ресми мәлімдемесі жарияланған жоқ.


Астана. 31 тамыз. Baq.kz – Алматыдағы Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығында көрермендер бұзақылық жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



Бөлісу: