Қасым Аманжолов жайлы білесіз бе?

Қасым Аманжолов жайлы білесіз бе?
жеке
блог

  Мектепте Қасым Аманжолов жайлы үлкееенн ашық тәрбие сағаты өтті. Сонда осы баяндаманы оқыған едім. Сіздермен бөлісейін деп шештім.                                    

                                       Талантқа тағзым

                                        Қасым Аманжолов

                       (ақын өлеңдерінің тақырыптары жайында)

                                                                       «Ей тәкәппар дүние !

                                                                          Мағанда бір қарашы »

     Ат атақсыз-ақ Абай деген ,  Мағжан деген есім халыққа қандай қасиетті, қадірлі болса, Қасым да –ұлт жүрегінің  бұрын да ,бүгін де дәл сондай  ықыласы мен құрметіне бөленген аяулы ұланы .  Ол сол даласындай данышпан Абайдың, мөлдір Мағжанның жалғасы .Өйткені Шыңғыстаудағы Абай қалыптастырған мәдени орта, әдеби рухани тірлік Сарыарқаны кең жайлап кетіп,сұлу Көкше маңындағы Мағжанға мол дарыса , сол қос алыптың поэзиядағы жасампаздығы қасиетті Қарқаралының Қасымына кәусар болып құйылған. 

 Қасымның кезінде

             Неге мұнша сорлы жүрек соғасың?

             Неге күйіп,неге мұздап тоңасың?

             Арпалысып, тыныш жатпай  ұяңда ,

             Неге мұнша мазасыз сен боласың?

             ...Сабыр етші қолға қалам алайын,

             Толғанайын ой құдығын қазайын.

             Тау суындай сөз шығарып  кеудеден,

              Сырыңды мен жырға тізіп жазайын ,-

деп өз жүрегіне тіл қатуы тегін емес.Ұясында,кеуде белгісінде тыныш жатпайтын,тыныш жата алмайтын мазасыз жүректі  ақын ой құдығын қазбаса ақын болар ма еді?!

Қоғамның шыны мен сырын  «Кеудеден тау суындай ақтарып жазу»-Қасымның ғана қолынан келген ерлік. Сондықтан да сыр-сандыққа сыналап енгізген жүрек құпиясы-сол қаһарлы һәм үрейлі 1930 жылдардың бізге жеткен ақындық,азаматтық аманаты.

      Ішім пысты. Жалықтым.

    Жүре алман енді аяңдап.

    Кенде қаппын жаңа ұқтым,

    Не болса соған аялдап

    ...жүргенімде тиісті

    Сыбағамнан құр қаппын,

    Егде тартып сүйінішті

    Жас шағымды ұрлаттым...

  Қасарыса қарап қасқия білген Қасым ақындық кеңістіктің түпсіз тұңғиығына шарлады да кетті. Жалғыз кетті.

        Ей тәкаппар дүние!

       Маған да бір қарашы.

      Танисың ба сен мені?

      Мен-қазақтың баласы!

     ...екі аяқты аң патша

     Көп батырды шеңгелін

     Сар далада сарғайдым,

      Қасіретпен шөлдедім.

      Мына қара көзімнен

     Сансыз дария жас ақты

     Өз етімді өзіме

     Кесіп алып асатты.

     ...тағы емеспін,тағы айтам,

    Адаммын-ды бұрыннан

    Адаммын деп жылағам,

   Адаммын деп қырылғам.

       Ақын –әманда жалғыз. Оның жалғыздығы    ғарышпен шеңберлес. Сондықтан да бүкілғаламдық өксік те,бүкіл пданеталық күрсініс те ақын жүрегінің бүлкілімен тыныстайды. Өйткені,шынайы ақындық дарын бүкіл адамзаттық күйініштің телегейінде тұншығады да,сол бүкіл адамзаттық арманның қатты серпіген қанатының лебімен  жан  шақырады.Ақынның эалғыздығы-ғарыштан ғана даралап жеткен құдіреттілігі де.

          Мүмкін,жаратушы болмыс тек қана шерлілер мен шерменделерді аялайтын,ардақтайтын болар.Шерлінің арманы,шермендінң үміті-болашақтың бұлжымас тірегі десек,бақытты данышпанды,төрт құбыласы түгелденген жанды көргендеріңіз бар ма?! Жел өтіндегі сарғайған жалғыз жапырақтай дірілдеген өз тіршілігінде ғұмырына риза боп,рахат күй кешкен бірде бір данышпанның болғанына өз басым куәлік бере алмаймын. Бағыт-бағдарсыз ұшатын «бақыт»атты бақыр құстың көбіне-көп «ортақ өгізден оңаша бұзауын»артық көретін,өз тірлігін ғана күшейтетін орташа пенделердің ғана басына қонатыны қалай? Осыны әділет деу әддіңіз келе ме? Бірақ байырғы,бүгінгі һәм ,ертеңгі жалған дүние замананың үрдісі осылай ауыспай жалғаса берер болса,солай демеске амл неше?! Жалғыздықты құдіреттілігімен қоса маңдайына еншілеп алған Қасым өзінікінен бұрын өзгенің,ең алдымен өз қоғамының  жағдайын көп ойлайтын.

           ...Жол жынданып,ызаңдады,еседі,

           Сұм жалғанның суылдайды өсегі.

          Албырт болып,ақын болып өседі.

          Ақын ұлан өмір сырын тереді.

          Қырағы көз көрмегнді көп көреді

          Сезім жүрек,асқақ ақын,алғыр ой,

         Қайтпас қажыр ақынға күш береді.

         Ақын ұлан арыстандай айбатпен,

         Ар намыстың майданына ереді

       Ақынның жан түкпірінде  жаңғырып,жанартау боп птылған жырларын майдан даласынан топан судай тоғытқанына «Қоштасу», «Қанқұйлы жау», «Ғабдолға», «Ғаниға жауап», «Ертіс», «Орал», «Сарыарқа»  сияқты әлденеще өлеңдері куә.

    Оңашада,ой тұнығына батқан Қасым

           Біреуге достық жасасам

          Қастық боп қайтар өзіме.

         Жүрегімді ұқпай етед шам

         Еркіндеу айтқан сөзіме.

         ... Ұғынар едім достықты,

       Болған соң адам баласы.

        Осы бір ойым бос шықты

     Жанымда қалды жарасы,- деп базбіреулерден түңілсе  де өмірден,келешектен түңілмейтінін айтады.

                  Әлі ұзақ өмірімнің жазы барда,

                 Сенемін тесік өкпем жазылар да.

                Кей пасық күрек ұстап асыққанмен

                Қабірім өлмей жатып қазылар ма?!

               «Қасымның өлсе барман өлігіне»

                Дегеннің түссін күйік желігіне.

                Ол сорлы тамырына түк шықпаған

                Сұқтанар менің бітік егініме.

  Қасымның   50   жылдардың  басында-ақ егіні бітік екені рас еді.

             Халық  көңілінде , халық көгінде  Қасым-дара.  Қасым-басым.  Қасым-Ақын . Бәрібір Қасым- сол баяғы Қасым.