Эстафета таяқшасы(алтын ұя мектебім)

Эстафета таяқшасы(алтын ұя мектебім)
жеке
блог

Сәлем,Массагет!Сәлем достар!NaZ massa AlIm get -тің эстафетасы бойынша,таяқшаны маған лақтырды.Басыма тие жаздады,бірақ қағып үлгердім.Сонымен таяқша үйде 1 күндей үйде жатты демалып.Соны біреуге лақтырғым кеп отқаны.Ол үшін оқу формасы жайында айта өтеді екен.Айтпақшы өзім жайында бірде-бір блокта жазбаппын ғой.Мен 20 ғасырдың аяғында жаздың ортасында дүниеге келгенмін.Білімім-Арал қаласы №262 мектеп-гимназиясының орта сыныбын қызылмен бітіріп(сендерге де жұғысты болсын әлі 9 бітірмегендер),10 б сыныбына көштім.Ал енді көп созбай суретке көшейін.(суреттерді бірінен соң бірін қоя алмағандықтан слайд арқылы біріктіруге тура келді)

 

Біз гимназия болғандықтан бұндай форма басқа мектептерде жоқ.

Ал әлі спорт киімдерін алғам жоқ.Әскери форма тіктіру керек әлі.Негізі жалпы 10-дарға (қыздар) мектеп жаңағы сарафан сияқты түсі де,сеткасы да сондай юбка-жакет тіктіру керек болатын.Бірақ менің сарафанды алғаныма көп бола қойған жоқ ,бәрібір 11-сыныпта құдай қаласа сұр көйлек киетіндіктен юбка-жакет тіктірген жоқпын.

   Алғашқы қоңырау салтанаты 1-қыркүйекте жексенбі күні өтеді.Бұрын біз сол күні салтанаттан соң мектепке кіріп,тәрбие сағатын өткізетін едік қой.Бұл жолы салтанаттан соң,мектепке кірмей тарайды екенбіз.Аралдың ауа-райы күрт суытып кетті.Соған қарағанда бұл күні қолшатыр ұстап тұрмайтын шығармыз.Дүйсенбіде мектеп табалдырығын аттаймын.Жоғарғы сыныптың алғашқы табалдырығын.Сол күнді асыға күтем.Айтпақшы Аралға елбасы келмекші екен(өтірік-шын екенін қайдам)солай дейді ғой әйтеуір.Соңғы рет 2005-те келген-тұғын.

    Айтпақшы мектебім жайында блок жазғым кеп жүр еді.Осы эстафетадан соң жазармын.Бірақ сабақ басталған соң.Себебі үйде ремонт боп жатыр.Ал таяқшаны Дариға Идияеваға лақтырамын!Қағып ал!Дариға мектеп формаларың қандай?Сол жайында толық  айта отыр.

        Блок өз уақытынан кешіктірілді.Себебі блок авторы ауа-райының күрт сууынан ауырып қалды және соған байланысты эстафетаны кеш көрген болатын.Блок асығыс жазылды.Сондықтан қателер де бар шығар......