Сенің сәтсіздіктеріңе басқалар кінәлі емес!

Сенің сәтсіздіктеріңе басқалар кінәлі емес!
жеке
блог

Агенттің «ауру» екені тізесі шығып кеткен әңгіме ғой. Сол агентті қолданбағаныма екі жылдай уақыт болды. Тек поштамды қолданам. Ал агент анда-санда автоматты түрде қосылып кететіні бар.

Жақын құрбым бар, ол да дәл мен сияқты. Агенті кезекті рет автоматты қосылып қалып, 112 оқылмаған хат көреді. Еріккеннен барлығын оқып шығайын деп бір хатты ашса бір жігіт достық (авторизация) жіберген екен. Одан кейін жақында шілде айында болған туған күнімен құттықтаған ұзаақ тілек. Одан кейінгі хаты дөрекі сөздер.

Ол алдымен әдемі сөздермен тілек жазып жіберген екен туған күніне. Ол хат оқылмаған. Бір қызығы тілегінің соңына «Жауап жазба!» депті. Одан кейінгісі әлгі дөрекі жазылған хаты. Оның мазмұны «Неткен тәкаппар мінездісің! Әдемі жазылған тілекке бір-екі ауыз алғыс жазуыңа болады ғой. Ал менің алдында жазған тілегім шын көңілден емес, жай мазағым! Сенің жауап бермейтініңді біліп жаздым, қазір де «агентім қосулы қалыпты» деп ақталатыныңді білем. Тәрбиесіз екенсің! Менен тағы хат күтпе!» дегенге келеді. Бірақ енді ұзаақ жазылған.

Құрбым кез келген сөзді көңіліне алып қалатын нәзік. Содан не істерін білмей маған оқытты. Өзі не жыларын, не күлерін білмей отыр. Ал кеп күлейін.)))

Бұдан кейін сондайларды қалай жігіт дерсің?! Өзі жазып, өзі қойып, өзі ашуланып әбден не істерін білмеген адамның ісі ғой. Соншама сөзді өзін танығысы да келмейтін адамға жүйкесін тоздырып жазғанын айтам-ау!

Маған оның аты-жөні таныс көрінді. Содан іздедім, әлемін қарадым. Блогтарына кілең өкпе-ренішін жазыпты. Біііір кезде есіме түсті. Сөйтсееем өзіміздің Массагеттің белсенді қолданушысы екен. Шынымды айтайын, оның сондай сөз жазғанына түк те таң қалмадым.

Жеке өзіне хат жазсам мені де біраз жерге апарып тастайды-ау деген оймен осында жазуды ұйғардым. Сенің оқитыныңды білем!

Айтайын дегенім, жынын, өкпесін айналасындағы адамдардан алатын қасиет әйел жыныстыға жат емес. Ал ер-жігітке сын осындай тірлік жасайтындарды көргенде көңілің қалады екен.

Іріткі емес, ой салайын дегенім еді...