Мыкеңнің ойлары!#9

Мыкеңнің ойлары!#9
жеке
блог

Ешқандай амал таба алмаған кезде "Қазақпызғой аға" деген 100% көмектеседі

***

Қала толы бизнесмен, Ішіндегі п**десі-мен!

***

"Бүгінгі әншілер өздерін "Өнер адамымыз" деп атауын доғармаса, мен де өзімді "Жазушымын" деп таныстыруымды қоймаймын" (с)

***

Әйтеуір экраннан бір білерім, 
Үйіріп алды жұртты Үнді "келін".
Кришнаның салт-санасын сіңіріп ап, 
Крышаң кетпесінші бір күн, елім!

***

Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды деуші едік, қазір "баласы жақсы адамдар, ешқашан қартаймайды" дейтін заман болды...

***

Үйдi жинап кет, сосын барасың! © Мама

***

Ана тілің - арың боп,

Тұра берді - ау құр бетте,

АР дейтіғұн екі әріп,

Сыймай қойды бір бетке.

***

Қазақ тілі өте бай. Тіпті, мұнай сияқты. Өзіміз әлі күнге дейін игере алмай жүрміз.

***

"Төлеген, Төлеген деп жүрсем, Бекежан да "нормальный" екен ғой" дептi Қыз Жiбек қартайғанда.

 

***

Атымыз-Қазақ, Санымыз-аз ақ, Тiлiмiз-мазақ...

***

Кеше лифттегі екі қыздың әңгімесі: "Сегодня Кадыр түн, нельзя спать, пойдем где-нибудь посидим?" Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің...

***

Айтатыны имандылық, Жасайтыны "Иван қылық"

***
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Мини юбка киіп ап тайраңдаған.

Осындай сорлылықты көрмей өткен,

Не деген бақытты едің қайран бабам!" 

***

Құс боп нетіп, нағылсам не етер едің? (Мұқағалиша)

***

Бас сүйегіңді суырып алып,"каска" етсем деп едім,
Бет терісіңді сыпырып алып,"маска" етсем деп едім!
Құлагыңды жұлып алып,"ләңгі" етсем деп едім,
Ішегіңді суырып алып,"шләнгі" етсем деп едім!

***

Барлық қыздарға арналады!!! 
Сұлумын деме, сеннен де сұлу табылар, ырбындай берме, сеннен де біреу жалығар!!!

***

Шаруаңды жылдам бітіргің келсе бара берме, пара бер ©

***

Вконтактеде отырғандармен парламентте отырғандардың еш айырмасы жоқ. Екеуі де отырады. Айтады. Талқылайды. Нәтиже жоқ.

***

Мангал көрген қой,тышқан аулап,танымайтын адамдарға үре бастапты.

***

Егер Месси Дженифер Лопездің көтінен бір теуіп аяғын сындырса,екеуінің сақтандыруларының ақшасы Қазақстанның бюджетін құрайды.

***

Милицияны - полиция қылып өзгертті,медиктер қатты алаңдаулы екен...

***

Дәретханада отырғандар не оқиды: 1%- газет, 3%- кітап, 6%- журнал, 90% "освежительдің" сыртындағы жазуды.

***

98% адамдар "ахахахаха" дегенді бедірейген түрімен жаза салады.

***

Әжелеріміз ораза ғана ұстаған. Қазіргі жеңгелер ораза, диета ұстайды, ақша ұстайды, прикол ұстайды. Кейбіреуі любовник ұстайды.

***

Бірдеңе айтам,ешкімге айтпа" деген өсек,жоғары тиражды өсектер қатарына жатады.

***

Шала орыс жоқ. Шала қытай жоқ. Шала түрік дегенді естігем жоқ. Шала неміс, не кәріс көрмейсің. Ал, шала қазақ тек Қазақстанда ғана

***

Барлығымыздың фотоаппаратымызда 3 секундттық "Ой блә,мынау видео екен" деген видео бар.=)