Естеліктер

Күз-1
Қараша да көрсетпедi долылық
Сен шығарсың басты себеп соны ұқтым
Мен көктемнен күтушi едiм мол үмiт
Ал сен күзде жолықтың!

Байқадың ба?Бүгiн мұңды бопты аспан
Қайғы.Көкте күннің нұры азайса
Күз себеппен ғашықтар көп қоштасқан
Бiз табыстық қалайша?

Жатқан шығар бұл қазан да қаталап,
көпке мұңын бере,бере азайып
Күзбен бiрге қайта оралды махаббат
Бұл шынымен ғажайып!

Осы мезгiл ешбiр жүрек төзгiсiз.
Шыдамаған небiр небiр төзiмдер,
мәңгi өшпейтiн шығар,бәлкiм, белгiсiз.
Күзде оянған сезiмдер.



Бөлісу: