Сіздің есіңізде ме? (ал менің есімде)

Негізі көре алмаймын ба?! Болмаса қызғанамын ба?! Яки көрінбей,қызықсыз болып қалып жүрмін ба,кім білсін...Негізі бір үйдің жалғызы болған жаман... Алла жалғыздықтан сақтасын дейсіз ба? Йә,сақтады,бауырым бар...Мынау не айтып отыр араластырыыып деп отырған шығарсыздар... Айтқым келгені екі күннен бері массагеттің аузын аңдып отыратынды шығардым... Сосын отырып алып "Мына жазба жақсы жазылыпты, мен неге осындай жазба жаза алмаймын?"-деп өзімді кінәлап отырғаным... Ойымда түк жоқ өзі... Бірақ жазба жазғым келді... Содан отырып аз-маз өткеннің қызықтарын еске түсіруге көштім... Өзім шек-сілем қатып күлетінімді білсем де, сіздерге қызықты жеткізе аламын деп ойламаймын... Сондықтан мағыналылау етіп жазып көрейін, тым болмаса мағынасы қалар естеріңізде...

Бірінші курста өндірістік тәжірибе жұмысын Қазақстан-Шымкент телеарнасына алғанмын... Өзімнің аздап бұзықтығым бар... Кіре салып әлгінде бір ағай көрсеткен жерге отырып текст тере бастадым. Өміріңде бірінші рет журналисттердің арасында отыру оңай дейсің ба, порша-порша тер ұялғанынан ішке қарай ағып жатыр... Жап-жарық бөлме де жалғыз өзіме қап-қараңғы... Жұртқа айтсам мазақ етер деп, басымды көтермеймін... Сөйтсеем қасыма келіп қара кәстүм-шалбарымен төніп тұр екен ғой... Басымды көтергенім сол, "тұр!"- дейді... Айтып болғанша болған жоқ екі кәсита тарс ете қалды... Мен де үйдің қожасымын, жіберсін ба? "Мееен текст теріп отырмын" деймін, құдды бір кеше осында бастық болып келгендей... Әйтеуір, біраз сұрақ қойылды сол жерде...        - Жетекшің кім?і... Кенжехан... Мүмкін Нұрмахан шығар... - Жоқ, Кенжехан,осында баяғыдан бері ол емес, құдды мен жұмыс жасап келе жатқандаймын...Сөйтсем көзімен "бірдеңкені" меңзейді...Өлген жерім осы шығар, Нұрмахан Кенжехан деп бадырайтып мойнына жазып асып алыпты ғой... Содан сол жылы жылап жүріп 7сюжетті эфирге шығардық. "Сары қызым" деп ат қойып алған, осыны қара болғанына кім кінәлі деймін ішімнен...

Содан әйтеуір жылап жүріп бір журналисттей үйреніп алдық қой бәрін... Әйтеуір бәрін біліп туғандай құдай салмасын... Ол ағамнан кешігіп келуге болмайды... Бір күні кешігіп келіп жұмыстан шығып кете жаздағам... Әншейін айта салғаным ғой,негізі өзі бір минут кешікпейтін болған соң солай! Ұстаздан шәкірт озар деп, басқасын қайдам сонан ерте келіп алам...Айтайын дегенім сол, текс теріп отырғанмын, бір съемкадан келіп...Басын бастатып білмеген жерімді әбден сұрап алдым... Сонан не керек біттім ғой әйтеуір... Біткен соң адам құсап УФ,БІТТІМ деп айту керек қой... не керек айтып кеп жібердім... Енді орнынан тұрып бара жатқан жетекшіме қарап мақтанғым келді ма, мойыным сонда бұрылып қалып кеткенін енді байқағаным... Бұрып үлгергенше болған жоқ"Баяғыда" деп жанындағы ағайға әңгімесін бастап кетіпті... Йә, баяғыда бір қарға мен бүркіт болған екен... Қатар ұшып келе жатқан екеуі жерден қасқырды көреді ғой... Содан бүркіт барып қасқырды шоқып өлтірсе, үстіне қарға келіп қонып "УФ,әзер өлтірдім ғой"деген екен деееп, мойынымды қайта бұрғанша есіктен шығып кетпесі бар ма... Ал ол шығып кеткенде барып есіңе түскенін, өзіңнің қарға емесіңді айтып көр... Бүгін маған күліп кеткен оның да бірде қарға болғанын айтып көр...  

Біршама уақыттан соң қайта кіріп "біз де сендей болғанбыз! Тұрмысқа шығып кетпесең журналист боласың!" деген ағайыммен желіде әлі де әзілдесіп тұрамыз... Өзі сондай қатал адамның әзіл айтқаны да бір қызық өз алдына... Өзі сөйтіп жүріп телеарнаның редакторы болып алды... Енді әзілсіз айтайын, дап-дардай телеарнада жұмыс жасаса да "Не болды ұмытып?" деп танымал адамдай ренжіп аламын...Ондайда ойынымды көтеріп жүрген ағама алғысым шексіз... Аға,аға деп отырғанға туысын мақтап отыр деп ойлап қалмаңыздар, бөтен адам ұқсатпай "аға"деп айтшы деп, ағалатып қойған өзі... Жағымпазданатын да әдетім жоқ, жалпы оған жағымпазданып не көрініпті... Ылғи аға уайымдама, тауысым кеткен "нервінді" ақтап жақсы журналист боламын ғой деп қоямын... Басқа телеарнаға барған достарымның кейбірі кейбірін көкірек деп айтып жатады ғой... Мен осы адамды шынымен соншалық қатал болса да осынысы үшін жақсы көремін... Мұндай ұстазым болғаны үшін бақытты да шығармын...

Ал биылғы практикам оңбады... Ылғи түсі суық ұстаздар... Нұрлан Кенжеғұловты да ел күлдіріп жүретін адам дейді... Расымен біраз жүргенімде көз жеткізер ма едім... Бірақ көөөп нәрсе үйренгенімді мойындаймын... Газеттің ауа-райынан тез жалықтым ба, жақсы шәкірт болыңқырамай қалдым... Сонда да есімде қалған бір қызық бар... 

Биыл ақын інім Сәрсенхан Батырханмен өндірістік тәжірибие жұмысын Оңтүстік Қазақстан газетіне алғанбыз... Оның басты мақсаты-өлең теру... Меніңкі-жетекшімнің қабағын бағып, тапсырма берсе мына тып-тыныш редакциядан тайып тұру... Жалпы содан шыдамым 5-ақ күнге жетті ғой...Жетекшімнің мықтылығымен шығар, газеттің 42 әріпін арқалап ауылыма қайттым. Керек болса сөйлемді құрап аламын деп ем, артымнан почтамен пәшкі-пәшкі хат келді... Оны қойшы 5 күнде 5 мақала шығарды ғой,әйтеуір,деген болу керек, жамандай қоймапты... Айтайын дегенім ақын інім жайлы еді, тағы да ұстазымды мақтап жайыма кеттім ғой... Кеше:"Мақпал, мынау он жеті жасар жігіттің өлеңі, оқып көрші",-деген..."Өлең әдемііі, әр өлеңінде бір бейтаныс тіркес бар екен",-деп қоямын ақылгөйсіп... Ал ол :"маған түк те ұнап отырған жоқ" ,-дейді мұрнын тыржитып... Бұрын-соңды басқаның өлеңіне мін айтқанын көрмеген ем, аңтарылып қалдым...Содан кейіндеу бір:"Мен қайтып бара жатырмын" деген... Оны көрсем мәз болып айқайлап кететін әдетім ғой:"Кешірші, алдағаным үшін..."... Осыдан кейңнгң біраз сөзін ести алмай қалдым өзі... Содан ауылға келгенше ойланамын... Ақымақ басым, екі күн ойланды... Енді ойланбаймын десем, құрғыр миым, алдын оқығаным Батырханның өлеңдері екенін есіме салып тұр ғой...

Мендегі бірер қызық осы... Біле білгенге журналисттер керемет жандар (мұны өзі журналист болатын болған соң айтып отыр деп ойлап қалмаңыздар), ал ақындар тіптен... Сіз де кім болсаңыз да өндірістік тәжірибеден (практика) өткен боларсыз... Не үйрендіңіз, тееек шыныңызды айтыңызшыыы???



Бөлісу: