Пайдалы кеңес !!!

Пайдалы кеңес !!!
жеке
блог

                                                

          Сіздерге де пайдасы тиіп қалар деген ойдамын

                                     Пайдалы кеңес

Көз ісе беретін болса, туралған аскөк шөбінің 1 ас қасығына қайнаған су құйып, жылығанша күту керек. Cу жылы болған кезде дәкені суға малып, көзге басқан пайдалы. Қан қысымы жиі көтерілетін адамдардың қайнатқан картопты көбірек қолданғаны жөн.

 

 

 *   *   *

Асқазанында жара бар адамдар күнде таңертең бір қасық сары май мен бал жә не екі шикі жұмыртқа жұтып тұрғаны өте пайдалы. Бұл тәсіл асқазан жарасының тез жазылуына көмектеседі.

*   *   *

Мұрыннан қан аққанда, қан түкіргенде, қан құсқанда, сорғалап аққан қанды тыю үшін, агромания (түймешік кәрі қыз) дәрі шөбін қайнатып, он-он бес грамнан ішеді.

*   *   *

Көкбұта (вереск обыкновенный) өсімдігінің жас бұтағын кептіріп, шай сияқты дайындап ішсе басы ауырған, басы айналған адамдарға аса пайдалы.

*   *   *

Адамның тамағы ісіп, дауысы қырылдап қалғанда кәдімгі құмды аллюмин табаға қыздырып, қалыңдау сүрткішке орап, кеңірдекке басу керек. Бұл тәсілді күніне жеті-сегіз рет қайталап отыратын болса тамақ ауырғаны тез басылады.

                                                                  * * *

Адамның жүйкесі қатты күйзеліске ұшырағанда тырнағынан алақанына дейін мұздай суға салып отырса, жүйкені басады.

                                                                *   *   *

Тырнақ сынып, бетінде қыртыс қалатын болса, оған бал мен пиязды араластырып жағады.

*   *   *

Абайсызда бір жерін күйдіріп алғанда картоп немесе бал таңып қойған дұрыс.

*   *   *

Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады.

*   *   *

Операциядан жаңа шыққан адамның тігісі ажырап кетсе, сирень гүлінің жапырағын үш минут қайнаған суға салып, тігілген жерге таңып, үстін жұмсақ қағазбен орап қойса жақсы болады.

*   *   *

Артрит пен буын ауруларына шалдыққан адам көк шәй ішкені жөн. Ол ағзадағы тұздарды айдайды.

*   *   *

Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пістемайды ауырған жерлерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы.

*   *   *

Көздің көруі нашарлай бастағанда бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.

*   *   *

Қан қысымы қатты көтерілгенде мақтадан тоқылған сүлгіні мұздай суға малып, іштің төменгі жағына басқан пайдалы.