Криштиану Роналду

Криштиану Роналду: «Қазақстанмен өткізген ең алғашқы матчым менің өмірімдегі ең елеулі оқиға»

 

Криштиану Роналду Португалия құрама сапында өзінің мерейтойлық 100-ші матчын өткізді. Бұл кездесу Солтүстік Ирландияға қарсы кездесу болды. Осы көрсеткішті еңсергені үшін оған УЕФА тарапынан бағалы сыйлық табысталды. Ал Роналду өз кезегінде  осы 100 матчта онымен бірге болған әріптестеріне, жанкүйерлеріне зор алғысын білдірді.

 «Мен өзімнің ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуімді Қазақстан құрамасына қарсы өткізгенмін. Ол күнді қалайша  ұмытайын? 2003 жылдың 20-шы тамызы болатын. Футболдағы даңғыл жолым сол кезден басталды деп айта аламын» депті УЕФА-ның ресми сайтына футболшы

 Криштиану Роналду тоғыз жыл аралығында ұлттық құрама жейдесінде Еуропа чемпионаттарының күміс және қола медальдарын иеленген еді. 2006 жылғы Әлем біріншілігінде оның командасы жартылай финалға дейін жетіп, 4-ші орын алған.

 

 

 

Қазақстанның аты футболдан әлемге осылай танылғаны да шүкіршілік дееу керек сияқты ағайын?! қалай қарайсыңдар?))

 

 

 



Бөлісу: