Бас қалалық "Массагетшілер",бас қосайық!

  Құрметті «Массагет» жаңа қазақ ойын-сауық порталының Астаналық қолданушылары!"Мың рет естігенше, бір рет көрген артық" деген сөзді ұрандата,бас қаланың Массагетшілері болып бас қосуды ұйғардық.Мақсатымыз интернет әлемінде бір- бірімізбен жақсы аралақанымыз секілді шынайы өмірде етене  жақын танысып,ағалы-бауыр ретінде қарым-қатынасымызды жақсарта түсу.Осы бастамамыз арқылы өз ауылымыздың  тұрақты тұрғыны екенімізді дәлелдеп,Массагеттің дамуына сүбелі үлес қоссақ дейміз.Жеті рет ойланып,мың рет толғанып бір мәмлеге келдік. Кездесетін уақытымыз бен орнымызды біраз Массагетшілер болып анықтағандай болдық. Астаналықтар,жұдырықтай жұмыла осы істі қолға алып,жарқын жүзбен,жылы қабақпен бір-бірімізді түсініп,аталмыш шараға ат салыссақ жүгіміз біраз жеңілдер еді.Бәрімізге ыңғайлы болу үшін жаздың соңғы жұмасына,яғни  30 тамызды белгіледік. Мерекеге байланысты демалыс  болуы керек. Тек қана блог жазатындар емес, Массагетті күніне бір рет сығалап шығатын адамдарға да келуге болады.Ішкі ойларыңыз артқа шегіндіруге нұсқаса бой бермеңіз. Себебі,біз ешқайсысымыз  реалды  өмірде көріспегенбіз. Жақыннан танысып,уақытымызды көңілді өткіземіз деп сенемін.

Кездесу орны:

Астана қаласы,Ы.Дүкенұлы көшесі ("Әсем" базарына қарама-қарсы)

"Абылай" дәмханасы

сағат: 19:00

сұрақтарыңыз болса мына нөмерге хабарласыңыздар:

Айгерім:+77022757511

                                                          



Бөлісу: