жеке
блог

Мен де жаңалық жарыстырайын

Жарысқан жаңалықтардың "кезексіз" кезексөзін Жако ағамыз бастап еді. Бұл ағамыздан соң мен де кезексөзді кезексіз жалғастыруға батылдық танытып отырмын. Өйткені блог жазғым келді. 

Ал, халқым менің! Менде жаңалық жетеді! Жақсысын да нашарын да жазамын. ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗДАР! 

Сендердің жаңалықтарың:

Массагеттегі соңғы жаңалық - Есіл Еркесінің Хабарландыруы". Ол астаналық Массагет қолданушыларының бас қосып, жақынырақ танысуына ниет білдіріп отыр. Құрметті елордалық достар, қапы қалмаңыздар!

Арамызда жүргеніне біраз болған Мақпал Тұрлыбекқызы өзін "заңды" түрде таныстырды.  Мақпалмен жақынырақ таныса отырайық!

Айтпақшы, Жако ағамыз бізді әйтеуір есіне түсірді-ау. Оның жазбаларын сіздер де сағынып қалған шығарсыздар? Жақында ғана жылт етіп, жаңалықтарымен бөлісіп қайта жоқ боп кеткен ағамыздың қауырт істері оңға баса беруін тіледік.

Менің жаңалықтарым:

1 қыркүйек. Енді бес күннен кейін сабақ басталады. Менің үш кеменің (отбасы, жұмыс және сабақ) басын сүйрейтін уақытым жақындап қалды. Шүкір, екі кеменің (жұмыс пен сабақ) басын сүйрегенде де суға кетпеуге тырысып жан баққам. Кемем үшеуге көбейді. Оған да үлгеруге тырысам. 

Кеше ғана жан құрбымның үйлену тойы өтті. Менсіз! Шығыс Қазақстан облысында. Үнемі бір-біріміздің тойымыздан қалмаймыз, қыз жолдас боламыз деп жүруші ек. Қуанышты күнде жанында болмадым. Бірақ түсінікті жағдай. Ол мені түсінетін шығар. Бастысы - бақытты болғандары!

Біздің тойдың да күні белгіленді. Таң қалмаңдар, бізде тойды кешіктіріп жасай береді. Қызылорданың аптап ыстығына байланысты неке тойымызды күзде тойламақ бп асықпаааай жүрміз. Нақтырақ айтқанда, 26 қазанда той болмақ. Енді әпкелерің қандай той көйлегін киерін білмей басы қатып жүр. Тойдың "боладасы" да, болғаны да қызық болады деп ойлаймын.  

Кеше үйімнен көңіл-күйді түсірер хабар келді. Жетпістан асқан үйдегі атамның денсаулығы нашарлап бара жатқан секілді дейді мамам. Жөтеліп жүрген, сол асқынып бара жатқан көрінеді. Соны естігелі менде оңған көңіл-күй жоқ. Кішкентайымнан атам мен әжемнің қолында өстік. Оның орны тым ерекше менің өмірімде. Оның біздің арамызда әлі де бола тұрғанын қалаймын. Асқар тауыма амандық тілегеннен басқа амалым жоқ енді. 

Осы!

Жұлдызды блогтар