Қайтадан келдім ағайын

Арма ағайын, немесе Ассалаумағалейкум жамағат. 

Көңілде қош бар, мұз бар ерімиді ау деп білем,

Ұйқыда ұйқы маужырап ми құрғыр маубас деп күлем.

Сел болып аққан үлкен бір күш бар ед, 

Әйтеуір жүрміз әйтеуір жүрміз, көңілде бәрі бір күрең.

 

деееп жүріп массагетті де қарауға көздің қаражаты болмады. Уакыттын бірлігі, өмір тырбың тіршілігі бітпей қазақи қағаз бетін қарағанға уақыт таппапыз. Өкінішті. 

Романтика. Кешегі күнді айтам. Сағынып тұрып бір қызықты айтайын. Облыстық театырдың екінші қабатында "Үнді күндері" анығырақ айтсам үнділердің базары болып жатыр екен, Киім- сувинир т.б сатып жатыр екен. Сол театрдың есеп бөлімінде бір жұмысым шығып қалып барғаным, көлік тұрағына көлігімді қойып жатқанымда "Mercedes" автокөлігін мінген 3 қыз түсті. Көліктің егесі маған қарап күлімдеп сала берді, мен де сәл ғана жымидым. Келбетті жылы жүзді, тартымды орыстың мектебін тәмамдаған қазақтың қызы екен. (солай деп ойлайм себебі, қасында орыстың қыздары болды) Сөйтіп ол ғимараттың ана басына мен мына бұрышында тұрған есігіне кіріп кеттік. Ал енді танысу басты ой. Театрдын бухгалтериясына бара салып компьютердің алдына жайгасып орысшалап бір кагазга «Вы так прекрасны и притягательны, что я забыл, зачем и куда шел, как только Вас увидел…» деп жазып, алдынғы әйнек тазалағышына (дворник лабавого стекла) қыстырып кеткем, 2 сағаттан соң"красивая слова но ты придурок" деп жазып кеткені бар ма? Нестерімді білми бірден телефон соқтым, ала салып маған кешірім сұрап жатыр, сөйтсем алдыңғы дөңгелегінің желі шығып ашумен маған смс ті жолдас қызы жазып жіберіпті. Есімі Жанерке екен, кейін айтты. Қыз тәуір екен айыбын жумақшы болып, бір жерге дастархан жайып шақырып жатқанын жеткізді. Ендігі кезек кешірімін беру )))



Бөлісу: