поэзия

Мен бұл сайтқа алғаш рет өз шығармамды жазғалы отырмын.Өзімді керемет ақынмын десем артық болар жай кейде ойланып отырып шыққан өлеңдерімді сіздермен бөліскім келеді.Оқып шығып бағасын берсеңіздер деп едім.

Өмір

Сен өмірден түңілме

Іздейтін сені Жандар бар!

Қиял мен арман көңілде

Орындатар мақсат бар!

 

Мұңайма сәтсіз күндерде,

Аспанда күн тұр жымиып.

Қадам бас жаңа өмірге,

Тәуекелге бел буып.

 

Артта қалған күндерге,

Бітпей қалған істерге ,

 Көңілсіз өткен кештерге,

Өкінбе,қалқам,өкінбе



Бөлісу: