Жеңгелі болдым, жамағат

Байқаған жандар болса араларыңыздан көрінбей кеткен жайым бар. Оның үлкен бір себебі, Жезді мекен Сәтбаев өңіріне барып келдім. Нағашы ағам үйленіп, жеңгелі болдым, жамағат!!! Осылайша туыстарымның қатарына тағы да бір жан қосылды. Қуанышымда шек жоқ. Себебі, туыстарымның арасындағы ең жақсы көретін ағам ғой))). Қуанғаныммен қатар біршама қызғанып та қалдым. Неге десеңіз, жол алыс болса да, біздің үйге көп келіп тұратын. Енді үйлі болған соң, келмей қала ма деген ойдан ғой. Жә, осы жерден доғарайын. Ағам мен жеңгеме бақыт тілеймін!!! Міне, менің сіздердің араларыңыздан көрінбей кетуімнің себебі осында.



Бөлісу: