Ер-азаматтың үш жұрты

Ер-азаматтың үш жұрты
жеке
блог

Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша ер азаматтың үш жұрты болады. Үш жұрт та жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болады. Дана халқымыз әр жұрттың бітім-болмысына қарап, сипаттама берген.

Өз жұртың күншіл келеді. Бар болса, көре алмайды. Жоқ болса, бере алмайды. Жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді.

Қайын жұртың міншіл келеді. Қолыңның ұзындығына, жағыңның қызылдығына қарайды. Берсең, жағасың, бермесең, дауға қаласың.

Нағашы жұртың – сыншыл келеді. Жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады.

Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан бастау алады. Жақындық қатынас ағайын-туыс, нағашы-жиен, ілік, жегжат-жұрағат, құдандалы болып келіп, мұны туыстық атау делінеді. Қазақ халқы үш жүзге, руға, елге бөлінгенменен, бірін-бірі бөтен деп санамаған.

Халқымызда туыстық қатынастың көптеген атаулары мен оған лайықты жөн-жоралғылар бар. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дегендей, әрбір азамат өзінің шыққан тегін біліп, туыстық қатынас сырларынан хабардар болуы тиіс.

"СТВ" арнасының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламасының бүгінгі санында осы тақырып аясында кеңірек әңгіме өрбітіледі. 

Бағдарлама әр жұма сайын сағат 22:20-да көрсетіледі. Қайталауы жексенбі күні сағат 19:00-да.

Мұрағат: stv-online.kz

Сурет: casinfo.kz