Ұмыт жүрек...

 

Қой  енді....

Ұмыт  жүрек,  жас  алып  жылауды.

Ұмыт  бәрін,

Өмір  мәңгі  доғармайды  сынауды.

Өтті, кетті,

Болашаққа  орныңды  бер.

Ұмытпасқа  амал  жоқ,

Қоймайды  өмір  қинауды.

Шығар  бәрін,

Кеудеңдегі  ұмыт  болған  күндерді.

Өрте  бәрін,

Күніңді  ойла  ертеңгі.

Ұмыт  бәрін,

Қалмасын бірде бір естеліктер,

Ұмыт  енді,

Болмашы  болған  еркеліктер.

 

Бекерге  жүрек  сен  жылайсың,

Ұмыт  болды,

Жоқ  енді  ол  күндер, мұң-қайғы.

Ұмыт  күндер  енді сені  құптамайды,

Жылай бер, көз  жасыңа  кім  қарайды...

Ұмытшы  енді,

Сенемін мен ертеңгі күнге  арайлы,

 Сенемін  және  жаным  соны  қалайды,

Бағындырып, мұң-қайғы  талайды,

Ұмытып өткен  күнді,

Өтерміз  аңсап  әлі  талайды..... 



Бөлісу: