Балалық шақ

Балалық шақ
жеке
блог

Сәлем Массагеттің тұрақты тұрғындары,,,,,Сіздердің балалық шақтарыңыз туралы жазғандарыңызды оқып , қызықтым да,тамсандым...

Ал маған келетін болсақ...Мен дүниеге келерде күн суық,алай-дүлей боран ,айналаны қар басқан екен.анамды үйден ауруханаға дейін жеткізу үшін ,машинаға анамды салып ,әкем жолды күреп отырған екен...қиналып ауруханаға әрең жеткізіпті...содан не керек анам 3 күн толғатып әрең туыпты мені,,,,содан әкем бұл баланың атын Аман-есен туылғасын Аман қоямыз депті,бірақ бір туыс баланың аты аман екен,сосын Саламат деп қойды...ал менің туылған күнім 12-айдың 29 ы екен,әкем 2 күннің ары-берісі не деп 1-айдың 1 не өзгертіп жаздыра салыпты,,,мен туған күнімді 8 жасыма дейін сол күні тойлап жүрдім(жаңа жылмен жарысып),анам өз туған күнін жаздырт деп әкемді өзгертуге жіберсе ,әкем өзгертіпті бірақ біреудікімен шатасып құжат бойынша әлі күнге дейін туған күнім 11-айдың 25 і

Мен туылмастан бұрын отбасымның тұрмыс жағдайы төмен екен....ал мен туылғасын...отбасымның жағдайы түзеліпті...анам менен бұрын туылған 2 баласында да күтіне алмапты мал сойып жей алмапты,,,,содан мен туылғасын мал сойылып анамды әбден күткен екен.

Мен 2 ге келгенге дейін,ауылда әр үйде бағылыппын,себебі апам ауырып соны емдетуге бәрі кетіп қалған....

ал мен бұрын биші екенмін қандай да болмасын бір музыка шықса блейді екенмін...ал мен 4-5 жасқа келгенде ұл сияқты екенмін ,шашымды ылғи қысқартып тастайтынмын,,,

Бірде анам мені түс мезгілінде балабақшадан алып кетейін деп барса ,,,мені ұлдардың қасына жатқызып қойыпты,,,,ал дәрігерден тексеруден өтуге барғанда мені ұл деп жазып қойыпты,,,,

Бірде үйге менімен жасты ұл бала келген ,сонымен ойнап жүріп,қолымның әр саусағының арасына зубочистка салып оның мойнына тығып алғаным бар,,,,,анамнан оңбай ұрыс естігем,,,,,сосын бір баланың бетін тырнап алғаным бар,,,,көршінің ұлы өмірі біздің үйдің алдынан өтпейді ...себебі мен көріп қалсам ылғи ұрып тастайтынмын,,,

Мен көшеден ұнатқан затымды көрсем,алдырмасам жылап қоймай алдырады екенмін.мен ылғи неге олай?неге бұлай? деп сұрай береді екенмін,сондықтан бәрі күлетін,,,

Бір күні балабақшада би сайысы болған,сосын маған билейсің деді дайындал деді ,,,мен болсам үйдегілерлің ешқайсысына айтпай дискы мен көйлекті алып ,билеп бірінші орын алғанмын,,,,ал анам артынан біліп ,маған күліп жүрді,,,

ал атам қайтыс болғанда,атамның денесін бір бөлмеге қойып қойған болатын,есігінде құлып салулы,ал мен терезеден кіріп атамның бетін ашып сипап отыр екенмін,атамды неге қамайсыңдар деп барін таспен атып жүріппін...

Мен ешкіммен ойнмайды екенмін,тек өзім жалғыз,,,,өз-өзімен сөйлеп ойнайды екенмін.


Енді айта берсем көбейіп кетеді,общем сондай тентек бала болыппын,міне одан бері 10 жылдай уақыт өтті жуас қызбын,үйдегілер бұрын мындай едің,андай едің ,,,,қазір мүлдем басқасың дейді,,,,көп жыл көрмеген туыстарымыз қазір,мені көріп таңғалады,,,,білмейм , осы да дұрыс шығар....