Ұлы сезім

Ұлы сезім
жеке
блог

Күлімдеп қарсы алсын қанша күн,

Сен нұр деп ойлама тамса мұң.

Қол жетпес белеске ұмтылып,

Мен әбден зарығып, шаршадым.

 

Мендік жыр әлемін ап қалған,

Шалғаймын сол бір кез шақтардан.

Телефон бетінен жойсамда,

Келбетің санамда сақталған.

 

Күн сайын мазалап тыңшымай,

Баз кешкен бұл күнім құрсынай.

Күнге де ,айға да теңесем,

Сен дағы төгілген жырсыңай.

 

Бұл жәйім өзіме кейде сын,

Айтпайын бұл күйдің о, несін?!

Өңімде көре алмай жүргенде,

Түсімде көремін бейнесін.