Махамбетті толғау

 

Ордасында Бөкейдің,

Ұрысқа шықты шаруалар.

Шабытты күміс көмейдің,

Иесі батыр бабалар.

Хан мен сұлтан, төренің,

Махамбет көрді езгісін.

Қол бастап, ұран-өлеңін,

Жәңгір басты ер ісін.

Баймағамбет, Жәңгір хандарға,

Қарсы шықты Махамбет.

Әділетсіз жандарға,

Атылған «улы» жебе ед...

Ереуіл атқа ер салып,

Қол бастады Махамбет!

Еңку-еңку жер шалып,

Жол бастады Махамбет!

Елдің бермей намысын,

Жауға қылыш сермеді.

Боратып жеңіс «қамысын»,

Намысты қолдан бермеді.

Исатай еді-ау, серігің,

Күйініп, бірге қуанған.

Ел есінде ерлігің,

Қолға найза, ту алған.

«Ағатайлап!» ұрандадың,

«Қара қазан, сары бала қамы үшін».

Ту ғып ұстап, жыр-ән бәрін,

Баймағамбет, Жәңгір, Геккедей жан үшін.

 

Өкпе, нала, өкінішті,

Әсем сөзбен өрнектедің.

Талай жауыз, қара күшті,

Өз торыңда өрмектедің.

Ақиық ақын, ер батырсың,

Бойың тұнған талант ед...

Қаройда сен жатырсың,

Жүрек жұтқан, өр Махамбет!

Киелі қара домбырада,

Күмбір күйің төгіледі.

Кеудеде ұлтшыл жаны барда,

Өжет, қайсар бір жан еді.

Ұрпақ сені үлгі етеді,

Жасаған елдік, ерлігіңді.

Жырың – асыл сөздің кені,

Рухтанар, әрбір ердің бірі.

Тойланады мерейтойың,

Екі жүз он жылдық.

Орындалды арман-ойың,

Бүгінде егемен ел болдық!

Тәуелсіздік ақ таңына,

Толып отыр жиырма бір жыл.

Егеменді ел барына,

Шүкір етіп, қанағат қыл!

                                  Авторы: Айдынғалиұлы Сағыныш 

 



Бөлісу: