Сені іздеп (проза)
блог
Қараңғы. Күн батқан ұясына. Ұзақ жол, жан біткен жатыр қалғып, ұйқы тартса сәрі сен қиясың ба?! Сағынсаң мендей бәрінде тыясыңда, жол іздеп, жанарың жалтақтап, олай-бұлай көз салып қиялыңа, жан дегенде жалғызың жатыр ма екен жұлдыз санап қамалып қиялына.
Оқыс басып аяқты адымдап жүріп келем, аңсағаным емес па еді аяқ асты алтын кілем. Кешегі емес жалтаң қаққан ай да шықпай ұясынан, тұншығып қалғандай бұлттар салған қиясына. Жолымды білмей саған жетелейтін, сұрастырып, іздемептім жайтым осы өкпелейтін. Әйтеуір, жүріп келем сеніммен жүрегіме, алдамас мені бәлкім жеткізбей сүйгеніме. Сенемін, тағыда түйсігіме. Тұрғандай жабырқаулы түн түңіле.
Келгендеймін дөп тауып қиял қызын, жүректегі басылып маза ызың. Енді мен бір кідіріп, бір жүріп, батылым жетпей, мынау ұшқан шымшық екен шымшықта қарап тұр үңіліп, қасымнан кетпей, ұшпай алыстатып жүргенше менше түңіліп. Табиғатта түн самалын желпіне айдайды мені ырғап, қиял қыздың үйіне, алжасқан, жаным жынды батып ессіз күйіне. Тұрып қалдым жалтақтап жанар желкіне. Көз байқұс тұра ма міз қақпай, қалайша жүріп келдім жүрек соқпай, денемде қаным қайнап, жүрегім лүпілдеп, көрген бойда терезеден нұрлы жүзін, қайта көңіл көктеп, тебіреніп, теңселіп, жүректегі қыстау тартқан ауылға көктем келіп, жан денем жандана бір тебіреніс жасап қалдым.
Бір армандап, бір аңсап, көркіне тамсанып, қайттым үнсіз көш бастап келген еліме. Жанымда жатса тамшы жас, төгіп кетем жеріңе. Көктесін махаббат гүлі, жас төгілген жеріңде.