Бізге СТАДИОН КЕРЕЕЕЕК!!!

 

       Қабатов: «Қазақтың футболшылары бұрыннан өздерімен өздері есіктерін жауып алып ойнағанға еттері үйреніп кеткен ғой. Қазіргі ойындарында жанкүйерлердің айқай-шуынан бір-бірінің «Ииии Самат допты ал, Хайруллинге шығар» деген сөздерін ести алмауда. Ал шетелдіктер керісінше айқай-шусыз ойнай алмайды. Олардың «дәрісі» осы. Енді келесі ойында сіздер айқаламай, тып-тыныыыыш отырыңыздар, сонда шетелдіктер арқаларын қоздыра алмай, өздерімен өздерііііі жеңіліп кетеді» деп еді. Отырарын отырамыз-ау, бірақ қайда отыратынымыз «проблема» болып тұрғаны... Билетті қайдан алатынымыз?! Жолы болғандар ішке кіреді, қалғаны сырттағы экрандардан жерге отырыыыып алып, «рахаттанып көреді».  Бұйырса, келесі «Динамомен» болатын ойынның билет үшін «соғысына» бес қаруымызды сайлап отырмыз...Кассаның алдына төсегімізді алып барып жайғасып алуда ойымызда бар))) Олай жасамасақ, басқа амал жоқ енді... Ұзын сөздің қысқасы былай ғой: БІЗГЕ ҮЛКЕЕЕЕН СТАДИОН КЕРЕЕЕЕК!!! ЖӘНЕ ҮЛКЕЕЕЕН КАССА! (сыймай жатырмыз)



Бөлісу: