Өз-өзіңді тәрбиелеу үшін...

Өмір өзімізді тәрбиелеуден басталады.Мен сіздерге өзіңді тәрбиелеу үшін не жасау керектігі жайында  ізденген материалдарымды ұсынайын.

Өз-өзіңді тәрбиелеу үшін...

1. Суды көп ішу керек,ол ағзаны қартаюдан сақтайды.

2.Таңертең міндетті түрде тамақтану керек,түсте тоя ішкеннің зияны жоқ,ал кешкі асты тартына ішкен дұрыс. 

3.Көкөністермен жеміс - жидектерді көбірек пайдаланып,өндіріс орындарында дайындалатын тағамдарды азырақ жеу керек.

 4.Күн сайын кем дегенде 10минуттай миды тынықтырып,тыныштықта отырған пайдалы.

5.Ұйқы 7 сағаттан кем болмауы керек.

 6.Күніне 10-30минут жаяу жүрген дұрыс.Жаяу жүргенде тұнжырамай,күлімсіреп жүруді естен шығармаңыз.

7.Өз өміріңізді өзгенің өмірімен салыстырушы болмаңыз.Өйткені,басқалардың басынан не өтіп,не кеткенін білмейсіз.

8.Жаман ойдан арылу керек.

9.Әр нәрсенің шегі бар екенін түсіну керек.

10.Сергектік үшін көбірек армандаған пайдалы.

11.Әрқашан барға қанағат тұтып үйренген жақсы.

12.Өткен шақтың қиыншылығын естен шығарып тастау керек.Жақын адамдардың қателігін бетіне басудың түкке қажеті жоқ.

13.Өмір -тым қысқа.Өзі азғантай өмірді біреуді жек көрумен өткізудің мәні жоқ.

14.Ең бастысы,өмірдің мектеп екенін,одан алатын сабағымыздың көп екенін естен шығармау керек. 

 

 

 



Бөлісу: