Элизиум жерді алмастыра ала ма?

Элизиум жерді алмастыра ала ма?
жеке
блог

Бүгін мен сіздерге тағы бір фантастикалық фильм туралы айтпақшымын. Тағы да бір ой келді. Жерді басқа әлем алмастыра алады деп ойлайсыз ба? 

Элизиум- жер құрып бара жатқанда байлардың жаңадан салған темір планетасы. Ол жер тек байларға ғана арналған жер. Элизиумның азаматы болу сізге әдемілік пен ешқашан ауырмауды және арнайы құлтемірлерді сыйға тартады. 


Ал жер, жерде тек жәй адамдар. Ақшасы жоқ халық пен құрып бара жатқан жер ғана. Халық қалайда ақша жинап, элизиумның тұрғыны болуды армандайды. 

Балалар үйінде өскен Макс әрқашанда Элизиумға барғысы келетін. Ұрлықпен айналысқан Макс уақыт өте келе, ол өз ісінің дұрыс еместігін түсініп, жай қарапайым адамдай заводта жұмыс істеп жүреді. Заводтан көп мөлшерде радиация алған Макске 5 күндік өмір сүру қалады, тірі қалудың жалғыз жолы - Элизиумға бару...

Тірі қалу үшін бәріне дайын болған Макс, элизиумға заңсыз адам тасымалдаумен айналысатын адамдармен достасып, теңдесі жоқ ақпаратқа ие болады. Оның басы үшін кез-келген адам алтын беруге дайын еді... Бастысы ақпарат кімге қалады??? 

Жоғарғы технология, жаңа қару, епті құлтемірлер, адам денесінің сканері, ақшалы қоғам ерекшелігі кімді болса да қызықтырады. Қоғам екіге бөлінеді: байлар мен кедейлер. Қоғамның осы бөлінуі айқын көрсетілген. Техниканың дамығаны соншалық, бетіңізді жарып жіберсе де қалпына келтіріп аласыз. Сондай қоғам келе жатқанына сендіреді, сенесіз. Бірақ, деймін де сонда құндылық не?

Элизиумның мақсаты да жерді аялаңдар деп тұрғандай, байларға бәрібір олар ақшасына басқа әлем жасап алады. Ал бізге, қарапайым адамдарға жер мәңгілікке керек дегендей... 

 

Қызық болғанда бұл киноны мен Есентай моллдан көрдім, сол жерде жүргенде шынымен өзімді Элизиумда жүргендей сезіндім. Imax-тың ерекшелігі де бірден көрініп тұр, бірақ бәрі бір басқа әлем сияқты... мен ол әлемдікі емес ем... Сол үшінде Элизиум мен үшін жерді алмастыра алмайтыдай Есентай моллда мен үшін ештеме емес еді... Такси ұстап үйге қайттым, әрине жеріме... 

Киноға берер бағам 8/10. Сапасы өте жақсы, кейде тек кино көргім келеді. Кемшілік іздей бермей...