Мен қолданатын Android қосымшалары

Мен қолданатын Android қосымшалары
жеке
блог

Кезексөзді кешіктіргенім үшін үлкен кешірім сұраймын! «Эстафетаның таяғын тағы Ақжелең жұтты» деп Жанат аға ұрыспай тұрғанда жазып тастайын.))

 

Менің ұялымда да Android операциялық жүйесі. Маған ұнайтын қосымшаларымен бөлісейін:

 

Instagram, Viber, WhatsApp, Facebook, VK, Skype, Mobli қосымшалары маған үнемі байланыста болуға көмектеседі.

 

Готовим дома

Бұл қосымша қыздар үшін пайдалы: ).  Салаттар, ыстық тамақтар, тіскебасарлар мен коктейлдер орыс тілін түсінетіндерге ұғынықты тілде жазылған.

 

Рецепты для мультиварки

Бұл да асүй ханшайымдарына арналған. Мультиваркасы бар үйге керекті қосымша.

 

Әліппе

Қазақша жасалған бұл қосымша мектепке даярланып жүрген немесе тілі шыққан кішкене балаларға жақсы. Менің іні-сіңлілерім ойын қосып бер деп сұрағанда соны бере қоямын. Мен де, олар да тынышJ

 

Рукоделие

Қолымның бос кезінде көбінесе айналысатыным бисер, моншақтармен айналысқанды жақсы көремін. Бұл қосымшаның ішінде соған арналған түсіндірмелер мен схемалар көп.

 

SoundHound

Үзіндісі немесе жазбасы ғана бар, ұнатқан, керек әуеннің атын тауып береді. Тек қазақша әндерді табатынына күмәнім бар.

 

Zona

Бұл киномандарға арналған жақсы қосымша. 31000 танымал картинаны онлайын режимінде көруге болады.

 

Kino.kz

Осы сайттың қосымшасы. Мен кинотеатрлардың сеансыз қарау үшін қолданамын.

 

Google Планета Земля

Еріккен кездегі қолданатыным. Әлемнің кез келген нүктесін көруге болады.

 

Ask.fm

Бұл да дәл осы сайттың қосымшасы. Анонимді қойылған сұрақтарға жауап бересің.

П.С: негізі төрт күн бұрын жариялауым керек еді. Уордқа жазып қойып, жарияладым деп ойлап жүріппін. Жаңа есіме түсіп таң атпай жалма-жан жариялап жатырмын:)

Кезекті Абзал ағаға беремін.